Оқушылырға көктем жаршысы құстар туралы мағлұмат беру
Тәрбие сағаты
Тақырыбы
«Гүл — көктемнің жаршысы»
Мақсаты
Оқушыларға көктемнің жаршылары — құстар туралы мағлұмат беру; олардың адамға тигізер пайдасын түсіндіру; құстардың табиғаттың ажырамас бөлігі екенін жан-жақты ұғындыру.
Көрнекілігі
- Құстардың суреттері
- Шарлар
- Қараторғай ұясы
- Гүлдер
- Музыкалық аспаптар
- Диск, магнитофон
(Зал іші алдын ала безендіріледі.)
Жүрісі
- 1 Ұйымдастыру
- 2 Кіріспе әңгіме
Кіріспе сөз
Жүргізуші
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Адам — табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Табиғатқа жанашырлықпен, аялай әрі қамқорлықпен қарау — әрбір адамның перзенттік міндеті.
Дариялар мен теңіздер, көлдер мен орман-тоғайлар, асқар таулар мен жан-жануарлар — табиғаттың көркі ғана емес, оны бүлінуден сақтайтын құдіретті күш. Табиғатта артық нәрсе болмайды: бір құс та, бір хайуанат та, бір өсімдік те, бір жәндік те қажет.
Солардың барлығы табиғаттағы тепе-теңдікті ұстап тұрады. Ал тепе-теңдік бұзылса, оның соңы бір күні үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Сондықтан табиғатты қорғау мақсатында «Гүл — көктемнің жаршысы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Көктем туралы жыр
Көктем жетті, көл-көсір шуақ құйылып, Қыс барады қиылып, жылап тұрып. Шатырында үйлердің көктем кеп жүр, Мұз көрпесін ақпанның лақтырып. Көктем қайта оралды — аты да аңыз, Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз. Кездесуге құстармен асығамыз, Кешімізге сіздерді шақырамыз.
Ән
«Көктем келді» — Сабина Оңдасынова
Сахналық белгі
(Балаларға бас иіп, көктем көрінісі сахнаға шығады. Бәрі қол соғады.)
Сәлем, достар, аман ба Мынау бейбіт заманда. Шат-шадыман көктемің, Шаттық болсын әманда! Салтанатын ананың, Туған күнін дананың, Май мейрамын ғаламның Тойлау үшін жаралдым! Ән құраңдар үнімнен, Сән құраңдар гүлімнен. Қуантамын бәріңді Құт-мереке күніммен!
Сахналық көрініс
Құс үйшігімен келген екі бала
(Екі бала құс үйшігін көтеріп келіп, көктемге бас иіп амандасады.)
Екеуі
Сәлем, елдің көктемі, Әлем енді көктеді. Құрметпенен бас идік, Көктегі құстарыңа.
Көктем
Рақмет, балалар, Сендерде ой-сана бар. Бау-бақшаның дұшпанын Құстарым жолатпайды. Кербез құстар әнімен, Келді міне сәнімен.
Көктемді суреттеген өлеңдер
Сабина
Жазылып жарқын дала, сағым қалқып, Көк майса тамырынан жұпар атып. Жайқалып қызғалдағы, жер құлпырып, Көкорай мұрын жарды, иісі аңқып.
Набат
Көпіріп, тас-талқан боп өзен тулап, Таулардан ағып жатыр төмен құлап. Бүйірден бұлақтар да жамырасып, Ән қосты сылдырына жел шуылдап.
Сымбат
Етекте бау-бақшаның аңқып гүлі, Толқытты әнге басып шат бұлбұлы. Алманың ақ күмістей гүлдері Күлісіп, күнге қарайды жылы.
Азамат
Қуанып шыңда шырқап тау тағысы, Тастүлек саңқылдайды ерке құсы. Гүл жамылып, көрпесін гүлмен шеккен, Бір мезгілі тамаша — жаздың осы.
Жандос
Көктен тартып күн нұрын, Жерден тартып жылылық. Әнін тыңдап бұлбұлдың, Қызғалдақтар тұр күліп. Мұз боп қатқан көк көлдің Сыпырылды көйлегі. Шөлін басып шөптердің, Көктем жаңбыр сөйлейді. Тебіреніп түнімен Көбік шашты көк айна. Торғайлардың үнімен Той басталды тоғайда.
Саида
Көктем келді, су ақты, Қырда алғашқы гүл шықты. Әжем отыр шуақта, Ұршығын иіріп, жіп қып шықты. Көктем келді, қайта оралды, Қарлығаштар қайтадан. Дала гүлге оранды, Бозторғайлар айтады ән.
Құстар үні және сұрақ-жауап
Тыңдалым
Жүргізуші: «Тыңдаңдаршы, мынау қандай дыбыс?»
Сахналық белгі
(Үнтаспадан құстардың шулаған дыбысы естіледі.)
Бәрі:
«Бұл — құстардың шулаған дыбысы.»
1-жүргізуші
Иә, дұрыс. Мұнда қаншама құс отыр! Қарайықшы, қандай құстар ұшып келіпті?
(Екі қатардан бір-бір оқушы шығып, құстардың бейнесін ағашқа іледі де, қазақша атауын атайды.)
Сұрақ
Құстар қай жерде мекендейді?
Жауап
Құстар орманда да, далада да мекендейді.
Сұрақ
Құстар ұясын қай жерде жасайды?
Жауап
Құстар ұясын ағаш басына, шөп арасына, тастардың қуысына салады.
Сұрақ
Құстар бізге қандай пайда келтіреді?
Жауап
Құстар құрт-құмырсқаны жеп, орман ағаштары мен егістік алқаптарға үлкен пайда келтіреді.
Сұрақ
Құстарға қандай көмек көрсетуіміз қажет?
Жауап
Құстарға ұя жасап, жем-су беріп, қамқорлық танытуымыз керек.
Маңызды
Құстарды таспен атып, ұясын бұзып, өлтіруге болмайды.
Жүргізуші: «Дұрыс айтасыңдар. Торғайларға және барлық құстарға әрдайым көмек көрсетейік. Ендеше, құстар туралы тақпақтарды айтайық.»