Қадірлі дос
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Бірлік жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Байсеитова Сандуғаш Хазизатқызы
Сабақтың тақырыбы
Ғ. Мүсірепов — «Жаңа достар» әңгімесі
Сабақтың типі
Бекіту сабағы
Сабақтың түрі
Жарыс сабақ
Сабақтың мақсаттары
Білімділік мақсат
- Оқушыларға шығарманың мазмұнын меңгерту, білімдерін тереңдету.
- Көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасай білуге үйрету.
- Шығарманың идеясын және тақырыбын ашу.
Дамытушылық мақсат
- Ақпарат жинау, сұрыптау, таңдау, модельдеу және салыстыру дағдыларын дамыту.
- Өз пікірін айту және оны дәлелдеп қорғай алу машықтарын қалыптастыру.
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ізденушілік белсенділігін күшейту.
- Танымдық қабілетін дамыту, әдеби-теориялық ұғымдарды терең меңгерту, қорытынды ой түюге баулу.
Тәрбиелік мақсат
- Адамгершілікке, мақсат қоя білуге және оны жүзеге асыруға баулу.
- Бауырмалдыққа, достыққа, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
- Өзгенің пікірін тыңдау, өз шешімін айту, бір-бірін бағалау және қарым-қатынас әдебін сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын бүгінгі сабаққа аудару.
- Сыныпты екі топқа бөлу: «Ұлағат» және «Шапағат».
- Бағалау парақтарын тарату: әр тапсырмадан кейін топ белсенділері балл қойып отырады.
II. Үй жұмысын тексеру
Оқушылар қосымша ақпараттарды пайдаланып, өз бетімен ізденіп, берілген сұрақтарға жауап дайындап келеді.
Жарыс форматы
Әр топтың партасына көк, сары, қызыл түсті қағаздар қойылады. Сабақ соңында түстер арқылы әр оқушы өз деңгейін білдіреді.
I. «Бәйге» — Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы
Сұрақтар кезек-кезек диктафон арқылы оқылады. Әр дұрыс жауапқа топ белсендісі балл қойып отырады.
I топ — «Ұлағат»
- Ғ. Мүсірепов қай жылы дүниеге келді? (1902)
- Қай ауданда дүниеге келді? (Жамбыл)
- Әкесінің аты кім? (Махмұт)
- Ғ. Мүсіреповтің пьесалары: «Қыз Жібек», «Амангелді», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу»
- «Жаңа достар» әңгімесі қай романнан үзінді? («Қазақ солдаты»)
- Ғ. Мүсіреповтің 100 жылдығы қашан аталып өтті? (2002)
II топ — «Шапағат»
- Ғ. Мүсірепов қай жылы қайтыс болды? (1985)
- Ғ. Мүсірепов қандай отбасында дүниеге келді? (Кедей отбасында)
- Ғ. Мүсіреповтің романдары: «Оянған өлке», «Қазақ солдаты», «Ұлпан» т.б.
- «Қазақ солдаты» романының бұрынғы атауы? («Қазақ батыры»)
- Ғ. Мүсірепов неше жасында дүние салды? (83 жасында)
- Ғ. Мүсірепов кім? (жазушы, қоғам қайраткері, академик, драматург)
Сабаққа кіріспе: ой қозғау
Қадірлі дос!
Таппай жүрсің сырласар сыңарыңды,
Біледі деп бет-жүзіңді, қырларыңды.
Жібі түзу жан іздеп бұл өмірден,
Жанның бәрі болады деп жанашырлы.
Мұғалімнің сұрақтары
- Неліктен сабақ басында осы өлең жолдары алынды деп ойлайсыңдар?
- Өлеңде қандай тақырып қозғалады?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болмақ?
- Әрқайсыңның бүгінгі сабаққа қойған мақсатың қандай?
Ортақ бағыт
Жауаптарды тыңдай отырып, ортақ мақсат айқындалады: достық туралы тереңірек мағлұмат алу және оны өз өмірімізде шынайы достық қағидалары арқылы қалыптастыру.
Топтық тапсырмалар: «Жаңа дос» және «Ескі дос»
Оқушыларға екі түрлі қағаз ұсынылады: топ болып дайындалып, сұрақтарға жауап береді. Әр топқа екі тапсырмадан беріледі, қарсы топ тыңдап, пікір білдіреді.
I топ — «Ұлағат»
- «Жаңа достар» дегеніміз қандай достар? Өз пікірлеріңді айтыңдар.
- Түсініктеріңді топтастыру әдісі арқылы сызба түрінде көрсетіңдер.
II топ — «Шапағат»
- «Ескі достар» дегеніміз қандай достар? Өз пікірлеріңді айтыңдар.
- Түсініктеріңді топтастыру әдісі бойынша сызба түрінде көрсетіңдер.
Мысал: «Жаңа достар» сипаттамасы
- Қиын кезде қол ұшын береді
- Жан сырын түсінеді
- Сенімді
- Онсыз өмір қызықсыз
Мысал: «Ескі достар» сипаттамасы
- Мәңгілік дос болып қалады
- Жаныңа ыстық, орны бөлек
- Жан туысқаныңдай
Талдау сұрағы: «Өзіңе дос болатын кейіпкерді таңда»
«Жаңа достар» әңгімесінен өзіңе серік, дос таба алдың ба? Егер тапсаң, ол кім және неліктен дос деп санадың? Мысалы: Қайрош, Шеген, немесе Бораш.
Қайрош қандай?
- Мінез-құлқы мен әрекеттеріне сүйеніп дәлелде
- Достыққа лайық қасиеттерін ата
Шеген қандай?
- Оқиғадағы рөлін сипатта
- Сенім, қамқорлық, жауапкершілік тұрғысынан талда
Бораш қандай?
- Әрекетіне баға бер
- Дос таңдаудағы өлшемдеріңмен салыстыр
Сабақты қорытындылау
Рефлексия және жинақтау
- Ойды өлең, ойтолғау немесе мақал-мәтел арқылы түйіндеу.
- Сабақ басында қойған мақсатқа жеттік пе?
- Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?
- Не білдім? Нені білгім келеді?
Үй тапсырмасы
«Менің досым» тақырыбына шығарма жазу.
Бағалау
Топ белсенділері бағаларын жариялап, бағалау парақтарын тапсырады.
Түс арқылы өзіндік бағалау
Әр оқушы сабақта материалды қаншалықты меңгергенін түстер арқылы білдіріп, қағазын тақтаға орналастырады.
Көк түсті қағаз
Сабақ өте ұнады. Мен ризамын.
Сары түсті қағаз
Кішкене қиналдым, бірақ жеңе білдім. Дегенмен сабақ ұнады.
Қызыл түсті қағаз
Қиындықтар болды. Әлі де көмек күтемін, себебі қиналдым.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Өмірде адал достарың көп болсын» — деген ниетпен сабақ аяқталады.
Сабақтан көріністер
Толық нұсқасын жүктеу (материал/қосымша).