Ақпаратты шығару құрылғысы. Сабақтың дамытушылығы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл жоспар 5-сыныпқа арналған «Аукцион сабақ» форматындағы сайыс түрінде ұйымдастырылады. Негізгі идея — білімді ойын арқылы тексеріп, оқушылардың белсенділігін арттыру және өзіндік бағалау мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Сабақтың типі

Пысықтау сабағы

Пәнаралық байланыс

Экономика, тарих, қазақ тілі және өмірмен байланыстыру

Қолданылатын әдістер

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой қозғау

Мақсаттар

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың оқу қабілетін, білім-білік деңгейін және танымдық ерекшеліктерін арттыру; өз жетістіктерін талдату арқылы өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

Дамытушылық

Есте сақтау қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын және жан-жақты ойлауын дамыту.

Тәрбиелік

Мейірімділікке, ұйымшылдыққа, экономикалық сауаттылыққа және әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Компьютер, интерактивті тақта
  • Электронды оқулық, оқулық
  • Дидактикалық және қосымша материалдар
  • Тірек-сызбалар

Сабақтың құрылымы: 4 тур

I тур — Алғашқы капитал

Сұрақ таңдау + бал жинау

Әр топ саудаға қатысады: қалауы бойынша сұрақ таңдайды. Дұрыс жауап берген топ сұрақтың бағасына сай бал жинайды.

Егер топ жауап бере алмаса, сол сұрақты келесі топ алу құқығына ие болады. Жиналған балды эксперттер есептейді.

Тур соңында эксперттерден қорытынды сұралады.

II тур — Көшбасшылар сайысы

15 сұрақ • 1 минут • 10 теңге

Бұл турда әр топтың капитанына сұрақтар қойылады. Әр капитанға 1 минут беріледі, сұрақ саны — 15. Әр дұрыс жауаптың құны — 10 теңге. Жауап білмесе, «келесі» деп өтуге болады.

Бірінші болып жоғары капитал жинаған топ бастайды.

I топ сұрақтары

  1. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы — модем
  2. Мәтінді жою пернелері — Delete, Backspace
  3. Бос орын қалдыру пернесі — пробел
  4. PAINT қандай редактор? — графиктік редактор
  5. Мәлімет енгізу құрылғысы — пернетақта

II топ сұрақтары

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі — бит
  2. Ақпаратты шығару құрылғысы — принтер
  3. Сурет салуға арналған программа — PAINT
  4. Вирусты тауып жоятын программа — антивирус
  5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа — калькулятор
  6. Бір байтта қанша бит бар? — 8
  7. Компакт-дискіні оқитын құрылғы — CD-ROM (дисковод)
  8. Дауыс жазуға арналған құрылғы — микрофон
  9. Жойылған нысандар орналасатын қапшық — себет
  10. Мәлімет енгізу пернесі — Enter
  11. Кең тараған архиватор — WinRAR, WinZip
  12. Монитордағы кескіннің минимал элементі — пиксель
  13. 1 Гбайт неше Мбайтқа тең? — 1024 Мбайт
  14. Ақпараттың ең кіші бірлігі — бит
  15. Құжатты баспаға шығару құрылғысы — принтер

III топ сұрақтары

  1. Дыбыс шығаратын құрылғы — колонка
  2. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі — алгоритм
  3. Windows сөзінің аудармасы — терезе
  4. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру — Delete
  5. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? — латын
  6. Бір килобайтта қанша байт бар? — 1024
  7. Компьютер жанына қойылатын өсімдік — кактус
  8. Ақпараттық үдерістерді жүзеге асыратын құрал — компьютер
  9. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы — принтер
  10. ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары — жүйелік блок, пернетақта, монитор
  11. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны — файл
  12. Компьютердің «миы» — процессор
  13. Экранда жыпылықтайтын тік сызықша — курсор
  14. Бас әріптер режимін іске қосу — Caps Lock
  15. Ақпарат қай құрылғыда өңделеді? — процессор
Тур соңында эксперттер II турдың қорытындысын жариялайды.

III тур — Таңдау – табыс

Тапсырма құны: 50 теңге

Әр топ ұсынылған пәндердің бірін таңдап, тапсырманы орындайды. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.

Қазақ тілі

Екі буынды екі сөз бар. Айырмашылығы — бірінші дыбысы. Егер бірінші дыбыс еріндік жіңішке дауыстыдан басталса, құс аты болады; егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады. Ол қандай сөздер?

Жауабы: Үкі, екі

Орыс тілі

Мягкий знак и твердый знак сөйлеседі: «Сколько я пирожных съем?» Мягкий знак жауап берді: «Семь!». «Съём» және «семь» сөздерінде қанша әріп және қанша дыбыс бар?

Жауабы: съём — 4 әріп, 3 дыбыс Жауабы: семь — 4 әріп, 3 дыбыс

Математика

Бөрененің ұзындығы 120 см. Оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?

Шешуі: 120 × 1/3 = 40; 120 − 40 = 80 см

Қазақстан тарихы

Бұл тарихи-мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 м, ені 45 м-ден астам, биіктігі 40 м-ге жуық. Ішінде түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Айналасына қазақ хандары мен басқа да белгілі тұлғалар жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

Жауабы: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Түркістан қаласы

IV тур — Сыйлықтар аукционы

30–70 теңге • жұмбақ шешу

Бұл — ең қызықты финал. Жиналған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Жасырылған жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңыз — сыйлық сіздікі.

Бастапқы баға — 30 теңге, ең жоғары баға — 70 теңге. Кім жоғары баға ұсынады?

Жұмбақ 1

Тілі бар, үні жоқ, өзін адам түсінген. Жүрегі бар да, қаны жоқ, ішінен сөйлеп тұрған.

Жауабы: кітап

Жұмбақ 2

Он екі ақ парақ — он екі ақ қанат. Жауабы әсем-ақ, сызылған тақталап.

Жауабы: дәптер

Жұмбақ 3

Ол — оқушы құралы, қателікті түзетіп тұрады.

Жауабы: өшіргіш

Жұмбақ 4

Тебеннің ұшы түйір, аяғы біреу, қолы жоқ. Шиыр-шиыр жолы көп. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.

Жауабы: қалам

Жұмбақ 5

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да. Ұзындығы жазулы тұр бойында.

Жауабы: сызғыш

Жұмбақ 6

Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді, дегенмен тұмсығынан өледі.

Жауабы: қарындаш

Жұмбақ 7

Күн сайын жыртыламыз, өміріміз бір жылдық.

Жауабы: күнтізбе

Жұмбақ 8

Бірге барып сыныпқа, бірге үйіне қайтады. Оның бетін кім ашса, әр бағаңды айтады.

Жауабы: күнделік

Қорытынды және марапаттау

Сөз кезегі эксперттерге беріледі: эксперттер төрағасы қорытынды жасап, жеңімпаз команданы анықтайды.

Жеңілген командаға алғыс хат, жеңген командаға диплом тапсырылады.

Тыңдағандарыңызға рахмет!