Төртбұрыштың туыстарын ата
Сабақтың мақсаты
1) Дамытушылық
Дамыта оқыту технологиясының элементтерін қолдана отырып, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға үйрету, дағдыларын қалыптастыру және шығармашылық ойлауын дамыту.
2) Танымдық белсенділік
Сабақ мазмұнын ойын элементтерімен ұштастыра отырып, пәнге қызығушылықты арттыру; күрделі логикалық тапсырмалар арқылы ақыл-ойын және математикалық ой-өрісін кеңейту.
3) Тәрбиелік
Тәртіптілікке, ұжымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; өзін-өзі бағалауға, өзіне және өзгеге сыни көзбен қарауға дағдыландыру.
Сабақ түрі
Білім, іскерлік және дағдыларды дамыту сабағы.
Әдіс-тәсілдер
- Индукция
- Жаттығу
- Ой-толғаныс
- Топтастыру
- Мәселелік оқыту
- Эвристикалық әдіс
Көрнекіліктер
- Кестелер
- Қима қағаздар
Сабақ кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу және өзімді таныстыру.
Жаңа сабақты бастауға қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру.
Арифметикалық диктант
1) Қосу
I қосылғышы — 685, II қосылғышы — 15. Қосындыны тап.
2) Азайту
Азайғыш белгісіз, азайтқыш — 264, айырма — 100. Азайғышты тап.
3) Көбейту
I көбейткіш — 2, II көбейткіш белгісіз, көбейтінді — 18. Көбейткішті тап.
4) Бөлу
Бөлінгіш — 36, бөлгіш — 4. Бөліндіні тап.
Білімдерін жан-жақты тексеру
Оқушылардың негізгі ұғымдарды қаншалықты меңгергенін анықтауға арналған сұрақтар:
-
1. Арифметикалық амалдарды ата.
-
2. Көбейту мен қосуға кері амалдарды ата.
-
3. 0-ге қалай көбейтеміз?
-
4. 1-ге қалай көбейтеміз?
-
5. 0-ді натурал санға бөлгенде неше болады?
-
6. 1 : 0 неше болады?
-
7. Геометриялық фигураларды ата.
-
8. Төртбұрыштың түрлерін (туыстарын) ата.
-
9. Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
-
10. Ені 5 см, ұзындығы 2 см төртбұрыш берілген. Оның периметрі неше тең?