Жеміс пен көкөністі ажырат дидактикалық ойын

Сабақ тақырыбы: «Күз сыйы»

Мақсаты

Балалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы білімін қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Сұрақ–жауап

Міндеттері

Білімділігі:
Күзгі табиғаттың ерекшеліктерін байқап, көре білуге үйрету.
Дамытушылығы:
Негізгі білімді меңгерту арқылы есте сақтау қабілетін және зейінді дамыту.
Тәрбиелігі:
Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Слайд және интерактивті тақта
  • Күз туралы суреттер
  • Жемістер мен көкөністер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту, құралдарды дайындау.

II. «Шаттық шеңбер»

Күлімде, күн, күлімде,
Жайнай түссін күнім де.
Жарқыраған жұлдыздай,
Жарық-жұрқ еткен түнімде.

III. Жұмбақ шешу

Өрік, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Талқылау сұрақтары

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгіліне қай айлар жатады?
  • Қазір күздің қай айы?
  • Күздің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
  • Күз туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Өлең (Б. Жақып, «Күзде»)

Алма пісті,
Алмұрт пісті,
Алша пісті,
Жерге түсті.
Қияр пісті,
Қарбыз пісті,
Қауын пісті —
Қандай күшті!

Жидектердің
Татып дәмін,
Жемістердің
Жейміз бәрін.

IV. Сергіту сәті

«Көңілді күн»

Қозғалыс арқылы сергіп, назарды қайта шоғырландыру.

V. Дәптермен жұмыс

1) Күзгі бақтағы еңбек

Күзде бақта өнім жиналады: жемістер теріліп, көкөністер қазылып алынады. Өсімдіктерге күтім жасалып, келесі маусымға дайындық жүргізіледі.

2) «Жарты алманың екінші бөлігін тап»

Сызық жүргізу арқылы жарты алманың жұбын тауып, толық пішінді құрастыру.

VI. «Қай ағаштың жемісі?» дидактикалық ойыны

Ойын барысында жеміс пен жидектің айырмашылығын түсіндіру.

Жеміс

Жеміс — жеміс ағаштары мен кейбір сабақты өсімдіктерде өсетін шырынды мәуе.

Жидек

Жидек — таңқурай, бүлдірген, құлпынай сияқты өсімдіктердің ұсақ әрі шырынды өнімі.

VII. «Жеміс пен көкөністі ажырат» ойыны

Екі себетке жемістер мен көкөністерді ажыратып салу.

  • Жемістер мен көкөністердің пісіп-жетілуі үшін кімдердің көмегі қажет?
  • Талдан жемістерді қалай аламыз?

VIII. Тіл ұстарту жаттығуы

Үз-үз-үз — күз

IX. Қорытынды: «Дәміне қарап ажырат»

Балалар тағамдардың дәмін ажыратып, мысалдар келтіреді: тәтті, қышқыл, ащы.

Не тәтті?

Алма, қарбыз, қауын, алмұрт.

Не қышқыл?

Көк алма, шие, лимон.

Не ащы?

Бұрыш, жуа, сарымсақ.

Күз — молшылық пен берекенің мезгілі. Күздің байлығын төкпей-шашпай жинап, табиғатты аялауымыз керек.

X. Мадақтау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, ынталандыру.