Мұқағали МақатаевМаңдайда бір тал шашым ағарыпты, Белгісі болғай - дағы даналықтың
Мұқағали Мақатаев
Маңдайда бір тал шашым ағарыпты,
Белгісі болғай - дағы даналықтың .
Ығысып, қарақұсқа бара жатыр,
Кекілі кешегі анау балалықтың.
Ағарсын шашым, мейлі, ағармасын,
Алаң боп ауырмағай оған басым.
Жастықтың оты сөнер, оты сөнер,
Қызуы бойда бірақ жоғалмасын.
Жанар тауым бар еді ғой кеудемде,
Жалын атып, жана - жана сөнген бе?!
Тас қайнатып, жатушы еді, от бүркіп,
Тастай қатып, тынған ба енді, өлген бе?
Бір жанар тау жатушы еді төсімде,
Жана - жана айналған ба өшуге? 1
Қызыл - күрең алау оттың орнында,
Қылымсыған қыз - сағымдар көшуде.
Жанар тауым бар еді ғой өртенген,
Жалыны оның неге мұнша ерте өлген?!...
Отырып ап сөнген ошақ басында,
Қорқыт атам қыл қобызын шертем мен.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Шаңырақ жарастығы
Мұқағали шығармасының танымдық мәні
Мұқағали Мақатаев
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ (1931-1976)
М. Әуезов өмірі мен шығармашылық жолы
Жұматай Жақыпбаев шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері
Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Нұрғожа Ораздың шығармашылығы
Кітап оқушылар конференциясы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
Жаңа заман талабы
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Фирманың баға саясаты және баға стратегиясы нарық құрылымының әсерін талдау