Балалар қонжық сияқты балабақша туралы өлеңді жаттап, айтып жүргілерің келеме

Білім саласы: Қатынас

Бөлім: Көркем әдебиет

Тақырып: Балабақша — базарлы үй

Мақсат

  • Балалардың балабақша туралы білімін өлең жолдары арқылы толықтыру.
  • Сөздік қорын дамыту; мәнерлеп оқуға және сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету.
  • Балабақшада өз үйіндегідей еркін жүріп-тұруға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер

  • Қонжық
  • Балабақша суреттері (бірнеше қабатты ғимараттар)

Сөздік

Балабақша
детский сад

Іс-әрекет кезеңдері

Себепті-оятушылық

Қызығушылықты ояту және диалогқа тарту

Тәрбиешінің іс-әрекеті

— Балалар, біздің кішкентай досымыз қонжық сендерге бір нәрсе үйреткісі келеді.

— Кеше сендер оны балабақша бөлмесімен таныстырдыңдар. Енді ол «Балабақша деген не?» дегенді түсіндіргісі келеді.

— Қонжықтың ұсынысын қабылдаймыз ба?

Балалардың іс-әрекеті

Қонжықтың ұсынысын қабылдайды.

Ұйымдастыру-іздеушілік

Сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттау

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Тәрбиеші қонжықты қолына алып, оның атынан балалармен диалогқа түседі.

— Сендер балабақшаға қашан келесіңдер? (таңертең)

— Содан кейін не істейсіңдер? (ойнаймыз, тамақтанамыз, ұйықтаймыз)

— Осындай іс-әрекеттерді үйлеріңде де жасайсыңдар ғой. Демек, балабақша да сендердің үйлерің сияқты.

— Біз бәріміз бір үйде тұрып жатқан достармыз. Балабақшада ойнаймыз, күлеміз, бір-бірімізді ренжітпеуге тырысамыз.

Өлең

Балабақша — базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.

— Қандай тамаша өлең жолдары! Қонжық, біздің балаларға осы өлеңді үйретші.

— Балалар, қонжық сияқты балабақша туралы өлеңді жаттап, айтып жүргілерің келе ме?

— Жаттап алған соң кешке аналарыңа айтып беріп, қуантасыңдар.

Жұмыс реті

  1. 1 Өлеңді оқып беру.
  2. 2 Әр шумақтағы сөздер мен тіркестердің мағынасын түсіндіру.
  3. 3 Хормен қайталап айтқызу.
  4. 4 Жаттап алған балаларды тыңдау.

Балалардың іс-әрекеті

Қонжықты мұқият тыңдайды.

Өлеңді жаттауға келіседі.

Хормен қайталайды.

Жаттап алған балалар өлеңді айтып береді.

Қорытынды-түзетушілік

Талдау, бекіту, рефлексия

Тәрбиешінің іс-әрекеті

— Қандай тамаша өлең! Бұл өлең бізге нені үйретті?

— Балабақшаны қандай үй дейді? (базарлы үй) Демек, бұл — баласы көп, көңілді үй деген сөз.

— «Қаладағы ажарлы үй» дегенді қалай түсінеміз? (әдемі, әсем, кең, үлкен)

— Өлеңде кімдердің күлкісі айтылған? (біздің күлкіміз) Сендердің күлкілеріңсіз балабақша мұндай шуақты болмас еді.

— Балабақша өз үйлеріңе ұқсайды деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?

— Қонжыққа алғыс айтайық. Енді өлеңді бәріміз бірге тағы бір рет қайталайық.

Балалардың іс-әрекеті

Сұрақтарға жауап береді.

Қонжыққа алғыс айтады.

Өлеңді хормен қайта қайталайды.