Идеал газ күйінің теңдеуін қорытып шығарыңдар
І. Сабақтың тақырыбы
Изопроцестер
VII. Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеп, оқу құралдарының дайындығын қадағалау.
2) Үй тапсырмасын тексеру және бағалау
Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Оқушылардың білімі түрлі түсті фишкалар арқылы бағаланады:
- Өте жақсы — қызыл
- Жақсы — сары
- Қанағаттанарлық — көк
- Толық емес жауап — жартылай көк фишка
3) Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары (деңгейлік тапсырмалар)
III деңгей
- Идеал газ деп қандай газды айтамыз?
- Оны сипаттайтын теңдеу қалай аталады?
II деңгей
- Универсал газ тұрақтысы деген не?
- Универсал газ тұрақтысының мәні неге тең?
I деңгей
- Идеал газ күйінің теңдеуін қорытып шығарыңдар.
- Менделеев–Клапейрон теңдеуі деп қандай теңдеуді айтады?
4) Үй тапсырмасын қорытындылау
Өткен сабақта идеал газдың күйін сипаттайтын теңдеуді қорытып шығардық. Бұл теңдеуді бір-біріне тәуелсіз түрде француз физигі Б. П. Клапейрон мен орыс ғалымы Д. И. Менделеев алған. Сондықтан ол олардың құрметіне Менделеев–Клапейрон теңдеуі деп аталады.
Осы теңдеуді пайдалана отырып, газдарда болатын изопроцестерді және олардың түрлерін қарастырамыз.
5) Жаңа сабақ: мағынаны тану
Оқушылар нені білуі тиіс
- Изопроцестер деген не?
- Изопроцестердің түрлері қандай?
- Изотермалық процесс: заңы, сипаттайтын теңдеуі, графигі.
- Изобаралық процесс: заңы, сипаттайтын теңдеуі, графигі.
- Изохоралық процесс: заңы, сипаттайтын теңдеуі, графигі.
Негізгі анықтама
Изопроцесс — термодинамикалық параметрлердің біреуі тұрақты болғанда, қалған екеуінің арасындағы өзгеріс.
Термодинамикалық параметрлер
Газ күйін сипаттайтын негізгі параметрлер: T (температура), P (қысым), V (көлем). Осы үш параметрдің өзара байланысына сәйкес жүретін процестерді қарастырамыз.