Дене массасының оның көлемінің қатынасына тең физикалық шама

Сабақтың мазмұны

Тақырып

Күш. Деформация.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға күш ұғымын, оның түрлерін, деформацияны және күштің векторлық шама екенін түсіндірмелі-иллюстративті тәсілмен меңгерту. «Күш» пен «деформация» туралы білімдерін жетілдіру және қалыптастыру.

Дамытушылық

Білім сапасын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын жүйелі әрі дәл жеткізуге баулу.

Тәрбиелілік

Күш пен деформацияны күнделікті өмірмен байланыстырып, білімді пайдалы жақтарынан қолдануға тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс
  • Демонстрация
  • Сұрақ-жауап
  • Есептермен жаттықтыру

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, математика, еңбек, дене тәрбиесі, тарих.

Көрнекіліктер

Электронды оқу материалдары, плакаттар, карточкалар, динамометр, сызғыш, таразы, резеңке, шар, Исаак Ньютонның портреті, болаттан жасалған екі шар.

Сабақ барысы

  1. 1. Ұйымдастыру
  2. 2. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
  3. 3. Үй тапсырмасын тексеру
  4. 4. Жаңа материалды түсіндіру
  5. 5. Бекіту (Венн диаграммасы)
  6. 6. Қорытындылау
  7. 7. Үйге тапсырма
  8. 8. Бағалау

Ұйымдастыру

Сыныптың сабаққа қатысуын тексеру, белгілеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Нысаналы бағыт

  • Оқушының ойлау белсенділігін арттыру
  • Материалға қызығушылығын күшейту

І. Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын тексеру ауызша сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі. Мақсат — бұрынғы білімді еске түсіріп, жаңа тақырыпқа табиғи көпір құру.

Жағдаяттық сұрақтар

1) Болат шар мен ойын добы соқтығысқаннан кейін қайсысы жылдамырақ қозғалады? Неліктен?

Ойын добы жылдамырақ қозғалады, себебі оның массасы болат шарға қарағанда аз.

2) Неліктен үлкен жылдамдықпен келе жатқан машинаның алдына жүгіріп шығуға болмайды? Бұл қандай құбылыс?

Машина тежегішті басқанда да қозғалысын бірден тоқтата алмайды, бастапқы жылдамдығын сақтауға «ұмтылады». Бұл — инерция құбылысы.

3) Массалары 100 г және 1 кг екі дене соқтығысқанда қайсысының жылдамдығы көбірек өзгереді?

100 г дененің жылдамдығы көбірек өзгереді.

Қозғалыс пен салыстырмалылық

4) Бірқалыпты қозғалып келе жатқан арбадағы бала допты жоғары лақтырса, доп дәл қолына қайта түсе ме?

Дәл түспеуі мүмкін, себебі бала арбамен бірге орын ауыстырады. Бұл — қозғалыстың салыстырмалылығы.

5) Соқтығысқаннан кейін бір дене 0,007 м/с, екіншісі 0,5 м/с жылдамдықпен қозғалса, қайсысының массасы кіші?

0,5 м/с жылдамдықпен қозғалған дененің массасы кіші.

6) Заттың тығыздығы дегеніміз не?

Тығыздық — дене массасының оның көлеміне қатынасы: ρ = m / V.

Формулаларды еске түсіру

Оқушыларға суреттер көрсетіледі. Суретті таныған оқушы оның артында жасырылған формуланы атайды.

Өлшем бірліктерін сәйкестендіру

Тақтада формулалар мен өлшем бірліктері магнитпен араластырып беріледі. Оқушылар өлшем бірліктерін тиісті шамалардың қасына орналастырады.

Есептер шығару

Сабақ басталғанға дейін жабық күйде таразының үстіне кесте-қағаздар қойылады. Әр оқушы өзіне түскен есепті шығарып, жауаптарын таблицаға жазады.

ІІ. Мағынаны тану: Күш және деформация

Қазақтың «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады» және «Көптің күші — бірлікте» деген нақыл сөздерінде «күш» ұғымы терең мағынада қолданылады. Ғылымда да күш — физиканың негізгі ұғымдарының бірі.

Күш дегеніміз не?

Күш — денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама. Күштің әсері тек сан мәніне (модуліне) ғана емес, бағытына да тәуелді.

Ойын кезінде допқа немесе шайбаға әсер етіп, оны белгілі бір бағытта қозғауға тырысамыз. Бұл күштің бағытқа тәуелді екенін күнделікті өмірден-ақ көрсетеді.

Белгіленуі: F Векторлық шама Модуль + бағыт

Деформация дегеніміз не?

Дененің пішіні немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атайды (лат. deformatio — бұзылу, өзгеру).

Пластикалық деформация

Күштің әсері тоқтағаннан кейін дене бастапқы пішіні мен өлшемін қайта қалпына келтірмесе, мұндай деформация пластикалық деп аталады.

Серпімді деформация

Күштің әсері тоқтағаннан кейін дене бастапқы пішіні мен өлшемін қайта қалпына келтірсе, мұндай деформация серпімді деп аталады.

ІІІ. Бекіту: сұрақтар арқылы қорытындылау

Оқушылардың түсіну деңгейін тексеру үшін негізгі сұрақтар қойылады және ұғымдар байланысы Венн диаграммасы арқылы талқыланады.

1) Бір дененің екінші денеге әсері қалай байқалады?

2) Физикада «күш» ұғымын қалай түсінеміз?

3) Күш немен сипатталады?

4) Деформация деп нені айтамыз?

5) Дененің деформациясы қалай пайда болады?

6) Пластикалық деформация деген не?

Венн диаграммасы

Жаңа сабақ пен өткен тақырыптардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу: ұқсастық, байланыс, айырма.

Қорытынды

Нені білдім?

Күш — денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын, модулі мен бағыты бар векторлық шама. Ал деформация — күш әсерінен дененің пішіні мен өлшемінің өзгеруі; ол серпімді және пластикалық түрлерге бөлінеді.

Шағын шығармашылық тапсырма

Осы тақырыпқа қысқа өлең құрастыру:

Бүгін оқыған тақырыбымыз — КҮШ, Шала білсек алатынымыз — ҮШ. Он ойланып, жүз толғанып — ПІШ, Ең керегін бестік қылып — ІШ.

Үй тапсырмасы

§33 және §34 оқу.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі және есеп шығару нәтижелері бойынша бағаланады.