Бірінші турға кезек берсек, екі топ өздерін таныстырып өтсе

Химиядан сыныптан тыс жұмыс: интеллектуалды олимпиада

Бұл материал 9–10-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша сыныптан тыс өткізілетін интеллектуалды олимпиада-білім сайысының сценариі мен мазмұнын ұсынады. Сайыс командалық форматта өтіп, білімді жылдам тексеруге, логикалық ойлауды дамытуға және пәнге қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Жүргізушілердің кіріспе сөзі

1-жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші

9 және 10-сынып оқушылары арасындағы интеллектуалды олимпиада-білім сайысына қош келдіңіздер!

Сайыс ережелері мен турлар

I тур — Таныстыру

Екі топ өздерін таныстырады. Әр топқа 20 ұпай беріледі.

II тур — «Иә» / «Жоқ»

Берілген 10 сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріледі. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай.

III тур — 6 ұяшық

Команда 6 ұяшықтың бірін таңдап, берілген сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 30 ұпай.

IV тур — Ставка

Әр топ ұпайына ставка қойып жауап береді: дұрыс болса ұпай қосылады, қате болса шегеріледі.

Әділқазылар алқасы

Жүргізушілер сайыс басталар алдында әділқазылар алқасын таныстырады.

II тур: «Иә» / «Жоқ» сұрақтары

1-топқа арналған сұрақтар

  1. 1.Мүсәтір спирті — аммиактың судағы ерітіндісі ме? Иә
  2. 2.Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? Жоқ
  3. 3.Судан екі есе жеңіл металл — калий ме? Жоқ
  4. 4.Фосфор «өмір мен ой элементі» деп атала ма? Иә
  5. 5.Элемент таңбаларын ұсынған ғалым — Аррениус па? Жоқ
  6. 6.Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? Жоқ
  7. 7.Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті аллотропия деп атала ма? Иә
  8. 8.Электр шамдарының жіңішке сымдары вольфрамнан жасала ма? Иә
  9. 9.Натрий тұздары жалынды сары түске бояй ала ма? Иә
  10. 10.Сілтілік металдарға темір жата ма? Жоқ

2-топқа арналған сұрақтар

  1. 1.Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым — Аррениус па? Иә
  2. 2.Кремний қышқылдарының тұздары карбонаттар деп атала ма? Жоқ
  3. 3.Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл — йод па? Иә
  4. 4.Азот молекуласы полюссіз ковалентті байланыс түзеді ме? Иә
  5. 5.Заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым — физика ма? Жоқ
  6. 6.Химия тарихында «ұлы заңды» ашқан — Менделеев пе? Иә
  7. 7.Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы — Ломоносов па? Иә
  8. 8.Ең қиын балқитын металл — алтын ба? Жоқ
  9. 9.Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент — мырыш па? Иә
  10. 10.Темекі құрамына кіретін улы зат — никотин бе? Иә

Өткізу барысы

  • Жүргізуші сұрақты оқиды.
  • Команда «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
  • Дұрыс жауапқа 20 ұпай қосылады.

III тур: 6 ұяшық (30 ұпай)

Әр команда алты ұяшықтың бірін таңдайды. Таңдалған ұяшықтағы сұраққа дұрыс жауап берген командаға 30 ұпай беріледі.

1-ұяшық

Дәрігерлер беретін анттың авторы кім?

Жауап: Гиппократ

2-ұяшық

Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсер ететін тыңайтқыш элемент?

Жауап: Калий

3-ұяшық

Жүйкені тыныштандыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент?

Жауап: Бром

4-ұяшық

Спирттің сумен қосылысы тақырыбында докторлық диссертация қорғаған орыс химигі-ғалым?

Жауап: Д. И. Менделеев

5-ұяшық

Теңіз орамжапырағы (ламинария) құрамындағы, адам өмірі үшін маңызды элемент?

Жауап: Йод

6-ұяшық

Тамақтан уланғанда таблетка түрінде қолданылатын зат. Оны қайыңды ауасыз ортада қыздыру арқылы алып, әрі қарай өңдейді. Бұл қандай дәрі?

Жауап: Активтелген көмір

Шағын үзіліс

Жүргізушілер көрермендерге ән немесе шығармашылық номер ұсынып, одан кейін ойынды жалғастырады.

IV тур: ставка қою (тәуекел кезеңі)

Бұл турда әр топ белгілі бір ұпайға ставка қояды. Жауап дұрыс болса — ұпай қосылады, қате болса — шегеріледі.

Сұрақ 1

0,9% ерітіндісі «физиологиялық ерітінді» деп аталады және көп қан жоғалтқанда көктамырға құйылады. Тұрмыста тағам дайындауға да қолданылады. Бұл заттың химиялық атауы қандай?

Жауап: Натрий хлориді

Сұрақ 2

Сүйекті қаптайтын (негізгі) элемент?

Жауап: Кальций

Сұрақ 3

Натрий гидрокарбонатының тұрмыстық атауы?

Жауап: Ас содасы

Сұрақ 4

Қан қысымын өлшейтін аспап қалай аталады?

Жауап: Тонометр

Сұрақ 5

Элементті табыңыз және оның қазақша, орысша, латынша атауларын атаңыз. Өзі ауыр металға жатады. Балалар бұл металдан құйылған сақамен ойнайды.

Жауап: Қорғасын Орысша: Свинец Латынша: Plumbum

Сұрақ 6

Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл?

Жауап: Тұз қышқылы

Сұрақ 7

Жер бетінде химиялық таза темір бар ма? Бар болса, ол қайдан шыққан?

Жауап: Метеорит темірі

Сұрақ 8

Заттың жылы, салқын, ыстық күйін сипаттайтын шама қалай аталады?

Жауап: Температура

Сұрақ 9

Қоршаған ортаның ластануын зерттейтін ғылым?

Жауап: Экология

Қорытынды және марапаттау

Сайыс соңында әділқазы мүшелері нәтижені қорытындылап, жеңімпаз командаларды марапаттайды.