Алғаш рет оқуға келген күнім

2-сынып Әдебиеттік оқу Диалог · Оқу · Жазылым

Сабақтың тақырыбы

«Алғаш рет оқуға келген күнім». А. Байтұрсынұлы. «Мен қалай оқуға бардым?»

Сабақтың өзегі

Бұл сабақта оқушылар күнделікті өмірдегі жағдайларға сай сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады; мәтінді іштей оқып, қажетті ақпаратты белгілейді; мұғалімнің көмегімен үлгі бойынша шағын шығармашылық жұмыс орындайды.

Оқу мақсаттары

2.1.3.1

Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу.

2.2.1.2

Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпаратты белгілеп оқу.

2.3.2.1*

Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер мен жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушы

  • Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жазба жұмысын орындайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Көпшілік оқушы

  • Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өздігінен жұмыс жасайды.
  • Қосымша үлестірме материалдармен жұмыс істейді.

Кейбір оқушы

  • Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәлімет пен дәлел келтіреді.

Бағалау және қолдау

Бағалау критерийлері

  • Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар мен әдіс-тәсілдер

Ресурстар

  • Оқулық, суреттер
  • Кеспе қағаздар, әртүрлі заттар
  • Топтық тапсырмалар
  • Кері байланыс, стикер

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу, түсіндіру
  • Ойын, көрнекілік
  • Рефлексия

Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі.

Сабақтың барысы

Басталуы

5 минут
  • Бағалау парақшасымен таныстыру.
  • Оқушыларды топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал: «Аялы алақан»

Мақсаты — жылылықты, сенімділікті және еркіндікті дамыту. Қатысушылар шеңбер болып отырады. Мұғалім: «Бүгінгі сабақтан не алғың келеді, не көргің келеді?» деген сұрақ қояды. Бірінші оқушы көршісінің қолын ұстап, жауап береді. Тренинг шеңбер бойымен жалғасып, соңында барлығы қол ұстасып тұрады.

Жаңа білім

10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады және мәтінді түсінуге бағытталған жұмыс жүргізеді.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан бір оқушы өз еркімен көшбасшы ретінде шығады. Көшбасшының таңдауы бойынша мәтінмен жұмыс түрлері орындалады.

Ақмет Байтұрсынұлы туралы қысқаша мәлімет

Ахмет Байтұрсынұлы — көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Ол Қостанай облысы, Торғай өңіріндегі Сартүбек жерінде туған. «Қазақ» атауымен газет шығаруға атсалысқан. Қазақ әліпбиі негізінде балаларға арналған тұңғыш қазақ «Әліппесін» жазған.

Қосымша мәліметті мультимедиалық материалдар (компьютер/презентация) арқылы кеңейтуге болады.

Ортасы

10 минут

Қолдану: дәптермен жұмыс

Оқушылар «Мен қалай оқуға бардым?» мәтінін оқып, негізгі ойды анықтайды және қысқаша жоспар/тірек сөздер арқылы мазмұндайды.

Мәтін: «Мен қалай оқуға бардым?»

Менің Әбіш деген құрдасым бар еді. Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнағым келіп, үйіне бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында жұмбақтар, мақал-мәтелдер, өлеңдер және басқа да жақсы сөздер көп екен. «Оқуды үйренсем, мен де сондай оқыр едім», — деп ойға қалдым. Үйге қайтып келіп, «Оқуға барамын», — дедім. Әкем мен анам бұл ойымды құптады. Ертеңіне әкем мені оқуға апарып берді.

Талдау: «Ыстық орындық» әдісі

Бір оқушы алға шығып, өз пікірін айтады және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Қалғандары сұрақ қояды. Қажет болса, бірнеше оқушы бірігіп ортақ пікірді қорғай алады.

Талқылау сұрағы

Сен оқуға қалай бардың? Алғаш рет оқуға келген күніңді әңгімелеп бер.

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар стикерге қысқаша кері байланыс жазады: бүгін не үйренді, қандай тапсырма қызықты болды, келесі сабақта нені жақсартқысы келеді. Мұғалім бағалау парақшалары бойынша қорытынды жасайды.