Қыс өлеңімен таныстыру
Сабақ жоспары: «Қыс»
Бұл сабақ жоспары балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, табиғат көріністерін сипаттай білуіне және қысқы қызықтарды әңгімелеуіне бағытталған.
Түрі
Жаңа сабақ
Әдісі
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Суреттер, ойыншықтар
Мақсаты
- Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнын ашу.
- Балаларды табиғат көріністерін сипаттауға, қыс қызықтарын айтуға үйрету.
- Балаларды табиғаттың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері балалардың назарын шоғырландырып, өлең мазмұнын талдауға және қыс туралы ойын жүйелі жеткізуге көмектеседі.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын орай таратты.
Армысың, алтын Күн,
Армысың, аппақ қыс.
II. Мақсат қою
Оқушыларды «Қыс» өлеңімен таныстыру, тақырып бойынша жаңа білім алуға бағыттау.
III. Жаңа сабақ
Сұрақ-жауап
- Балалар, сендерге қыс мезгілі несімен ұнайды?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Енді ақын ағаларың Абдрахман Асылбековтың «Қыс» өлеңімен танысамыз:
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен.
Қыс — жылдың төрт мезгілінің бірі. Бұл мезгіл суық, қарлы, аязды болады. Қыста қар жауып, аяз күшейіп, ағаштарға қырау тұнады. Мұның бәрі — табиғаттың өз қолымен жасаған шеберлігі.
Сергіту сәті
Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбайтын суықтан.
Қардан жасап аққала,
Сырғанаймын шаттана.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырмалар түсіндіріліп, балалармен бірге орындалады.
IV. Түсінгендерін зерделеу кезеңі
Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап»
Ойын шарты: бірнеше қысқы киім үлгілері ұсынылады. Балалар сол киімдердің ішінен сыңарын тауып, жұптап орналастырады.
V. Бекіту кезеңі
- Қыстың ерекшеліктерін қайталау және қорытындылау.
- Балалар, біз қандай өлеңмен таныстық?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
VI. Мадақтау
Балалардың белсенділігі мен жауаптарына қарай мадақтау сөздері айтылады, ынталандыру жүргізіледі.