Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді
Ұлтсызданудан қорғау: рухтың биіктігі — басты тірек
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғау қажеттігін мәлімдеді. Аймақ басшысы бұл туралы облыста өткен республикалық Жұмекен Нәжімеденов оқулары кезінде айтты.
«Арамызда дәстүрін, мәдениетін ұмытып бара жатқан азаматтар бар. Біз ұл-қыздарымызды ұлтсызданудан қорғауымыз керек. Ал бұл процеске төтеп беретін бірден-бір нәрсе — рухтың биіктігі. Жастар рухқа азық болатын халқының мұраларынан үнемі нәр алып отыруы қажет», — деді Нұрлан Ноғаев.
Жұмекен Нәжімеденов оқулары: облыста алғаш рет
Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалық көркем сөз оқу шеберлері сайысы биыл Атырау облысында алғаш рет ұйымдастырылды. Байқау жас өнерпаздардың көркем сөз мәдениетін шыңдауға, ұлттық мұраға құрметті күшейтуге бағытталды.
Байқау нәтижелері
-
1
І орын: атыраулық үміткер Нәзира Әшім.
-
2
ІІ орын: Ақмола облысынан Перизат Мұратқызы және Маңғыстау облысынан Айдос Жұмабаев.
-
3
ІІІ орын: атыраулық Нұрдәулет Табылдиев, Шығыс Қазақстаннан Арайлы Алтаева, Оңтүстік Қазақстаннан Назерке Құлжабаева.
Қазылар алқасы
Байқауға қазылық еткен қазылар алқасының құрамында әдебиет пен ғылым өкілдері болды:
-
Қажығали Мұханбетқалиұлы
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы
-
Серік Тұрғынбекұлы
Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, ақын
-
Мереке Құлкенов
ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, жазушы
-
Қадір Жүсіп
Филология ғылымдарының докторы, ақын
-
Әбіл Жоламанов
Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы
Жұмекен Нәжімеденов туралы
Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
Құрметпен, Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекші маманы Еркебұлан Анарбекұлы