Атом ядросының құрамы

Периодтық заң туралы жыр

Өлең

Элементтерді жүйелеуге талай ғалым еңбек етті,
Ойлағаны орындалмай, еңбектері кейде зая кетті.
Заманында бар элементті топқа бөліп,
Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жетті.

Мұны білсең, қателесіп жүрмейсің,
Атомдардың жұмбақ сырын түсінесің.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап, массаға сай қатарласып.

Әрбір тор өз алдына бір дастан,
Ғылымның дамуына үлес қосқан.
Алпыс үш элементтің сырын біліп,
Кейбірін Менделеев болжап ашқан.

Табылып, сан элемент тізбекте өсті,
Бүгінде бар элемент жүзден асты.
Барлық зат осылардан жаралады,
Ғалымдар мұның да сырын ашты.

Кестеден түрлі түстер көрінеді,
Бәрі де деңгейіне сай өріледі.
Заң ортақ, период ортақ, топ та ұқсас —
Заңдылық зарядтармен бөлінеді.

Период басталады жеңілдіктен,
Заңдылық қайталанады сегіздіктен.
Бұл — период заңының кванттық сыры,
Бір де бір белгі бөлек тұрмайды.

Ж. Жұмаханов

Эпиграф

“Еңбекті шынайы сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды.”

Д. И. Менделеев

Атом құрылысы: ядро құрамы және изотоптар

Негізгі ұғымдар

Ar
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы.
Z
Элементтің реттік нөмірі (ядро зарядымен байланысты негізгі шама).
N
Нейтрондар саны.

Мысалдар: протон саны

  • H Сутек атомында 1 протон бар.
  • He Гелий атомында 2 протон бар.
  • Li Литий атомында 3 протон бар.

Изотоп деген не?

Ядросындағы протон саны бірдей, бірақ массалары әр түрлі болатын, белгілі бір элементті құрайтын атомдар изотоптар деп аталады.

“Изотоп” сөзі грек тілінен аударғанда “бір орынға орналасушы” деген мағынаны білдіреді.

Мысал: хлор изотоптары және орташа атомдық масса

Табиғатта кездесетін хлор изотоптардың қоспасы түрінде болады: шамамен 75,53% және 24,47%. Осы үлестерді ескере отырып, хлордың орташа атомдық массасы есептеледі.

Есептеу идеясы

Орташа атомдық масса = (изотоп массасы × үлесі) қосындысы.

Ескерту: Нақты есеп шығару үшін изотоптардың массалық сандары/массалары көрсетілуі керек.

Үй тапсырмасы

№1 есеп

Мынадай элемент атомдарының ядро зарядын анықтаңдар.

№2 есеп

Реттік нөмірлері берілген элементтердің атомдарындағы электрон, протон, нейтрон сандарын анықтаңдар:

  • а) Z = 5, бор (B)
  • ә) Z = 9, фтор (F)
  • б) Z = 13, алюминий (Al)
  • в) Z = 16, күкірт (S)

№3 есеп

Табиғатта изотоптар қоспасы түрінде кездесетін көміртек атомының орташа салыстырмалы атомдық массасын есептеп шығарыңдар.

№4 есеп

Оттек атомы изотоптарының құрамын анықтаңдар.