Жас жеткіншек ұрпаққа Ұлы Отан соғыс жылдары мен қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыра отырып

Мекеме туралы

Атырау қаласы, №8 «Ақбота шипа» жай типті бөбекжай балабақшасы. Ересектер тобының тәрбиешісі — Гилажова Айгүл Мауфихқызы.

Мақсаты

Жас жеткіншек ұрпақты Ұлы Отан соғысы жылдарымен және қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру; Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлігіне тағзым етуге баулу; оларды қадірлеуге, қастерлеуге, Отанды сүюге, қорғауға және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сонымен қатар ардагерлерге деген ықылас пен сүйіспеншілікті, Отанға деген патриоттық сезімді ояту; адалдыққа, ерлікке, еңбекқорлыққа баулу.

Жүру барысы

Балалар залға «День Победы» әнімен жалауша мен шар ұстап, шеру жасап кіреді. Әуен ырғағына сай қимыл-қозғалыстар жасайды.

Жүргізушінің сөзі

Жеңіс күні — бар адамға әйгілі,
Көктем шуақ 9 мамыр күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі?

Құтты болсын Жеңіс күні, ағайын,
Көптен күткен ұлы күнге жар салайын.
Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз,
Жеңіс күнін тойлайық жас-кәріміз.

Жеңістің мәні

Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Бүгін — көптен күткен салтанатты күн. Зымыраған уақыттың қанатында әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке — Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да келіп жетті.

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы айрықша.

Естен шығармау

Жеңіс үшін шыбын жанын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамның ерлігін ұмытпауымыз керек.

1418 күн

1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін есте сақтау — парыз.

Соғыстың ауқымы

  • Бұл сұрапыл соғысқа әлем халықтарының 80 пайызы қатысты.
  • 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды.
  • 100 миллиондаған адам қолына қару алды.
  • Ана баласымен, қыз жігітімен қоштасты; елге қатер төнді, бейбіт халық зардап шекті.

Тағзым сөздері

Еске алып туған жер, ана жарын,
Биік ұстап абырой, намыс арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар,
Кеудесінен ұрса да отты жалын.

Қан кешкенде майданда бабаларым,
Қан көрмесін ұрпағым — балаларым.
Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай,
Тауып алып таң жаса жараларын.

Батырлықтың қашанда тұрағы — елі,
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес ерлік — тәрбие тағылымы,
Біз боламыз әркезде мұрагері.