Желтоқсан құрбандарының алаңға шығуы

Тәуелсіз ел – жастары

Мақсаты

«Тәуелсіз ел – жастары» атты кештің мақсаты — 1986 жылғы 17–18 желтоқсанда орын алған, дүние жүзін дүр сілкіндірген оқиға туралы жаңа тұрғыда насихаттап, оқушыларға мағлұмат беру. Сонымен бірге жас ұрпақты Отанын сүюге, тарихымызды дәріптеуге, имандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Бостандық іргесін қалауда өшпес із қалдырған ерлердің ерлігін үлгі ете отырып, оқушылардың шыншылдық, ержүректілік, туған жерін, елін, Отанын сүю қасиеттерін күшейту, патриоттық сезімін ояту көзделеді.

I. Білімділік

Желтоқсан жаңғырығы, Желтоқсан көтерілісінің құрбандары туралы мәлімет беру, білімдерін кеңейту.

II. Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын молайту; оқу техникасын, еркін әрі мәнерлеп сөйлеу дағдыларын жетілдіру; тіл байлығы мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

III. Тәрбиелік

Өз елінің патриоты болуға, елінің тарландарын тани білуге және құрметтеуге; адамгершілікке, отансүйгіштікке, сыйластыққа, ұлттық намысқа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер

  • Әртүрлі оқулықтар.
  • «Халық қаһарманы» және «Желтоқсан құрбандары» тақырыбындағы газет материалдары, буклеттер және өзге деректер.

Барысы

Ұйымдастыру. Кіріспе сөз

Мұғалім

Құрметті оқушылар, ұстаздар! 1986 жылғы оқиға біздің есімізден әлі кетер емес. Бізге тәуелсіздік туын көтеріп, қазақтың көк байрағын биік ұстап, ел екенімізді дәлелдеп, Қазақстанды дүниежүзіне танытқан боздақтарымыздың әруағына тағзым етіп, оларды еске алу — парыз.

Тоғжан

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Талғат

Бүгінгі «Тәуелсіз ел – жастары» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Тоғжан

Осыдан 18 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Желтоқсан көтерілісіне Қ. Рысқұлбеков, Е. Спатаев, Л. Асанова және тағы басқа ағаларымыз бен апаларымыз қатысты.

Талғат

1986 жылғы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысты. Бұл күн — қазақ халқы үшін әрі қайғылы, әрі бақытты, ұлы күн. Бұл — халқымыз тарихындағы ең ауыр да әділетсіз көтерілістердің бірі. Сол Желтоқсанға қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабамыз үш ғасырға жуық армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Қайрат Рысқұлбеков туралы

Жарық етіп сөнген жастық шағында, аз ғана ғұмыр кешсе де, өмірдің бар қызығын, бүкіл күш-қуатын, жастық жігерін, махаббатын туған халқына арнаған азамат — Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы.

Бүгінгі кеш — қанаты қайырылған Желтоқсан құрбандарының аруағына арналады. Солардың бірі — халқымыздың қаһарманы, патриот Қ. Рысқұлбеков. Ол тірі болса, ақын болар ма еді?

Ән

Хор

А. Түменов орындауында «Қазақ жігіттері» әні.

Өлең жолдары

Сан тұлпардың тұяғы шашып отты,
Қазақ қанша ғұмырдан басып өтті.
Бар түріктің жау жүрек ұрпақтары,
Аз көрді ме тағдырды қасіретті.
Тоғжан
Бұл — жоңғардан кейінгі ұлы сүргін,
Сермемеді қазаққа қылышын кім.
Ұрпағы сол нәубетке ұшыраған,
Азалап, жүректен жыр ұшырған.
Талғат

Көрініс: Желтоқсан құрбандарының алаңға шығуы

«Әрбір ұлттың өз көсемі болсын!»

«Ешбір ұлтқа артықшылық берілмесін!»

«Жасасын Қазақстан!»

«Қазағым-ау, қашанғы қор болып, қой сияқты жүре береміз? Не тілімізді, не жерімізді жаттан қорғай алмай, мүсәпір күнге түстік қой. Абылайдай ер бармысың, қайдасың?!»

Тарихтың түнерігі: бейнелі сурет

Кім көріпті, о заман да бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде — үрей бар ұялаған,
Болсайшы аман мына ғалам, дін аман.
Талғат
Бурыл көктің көкірегін тілгілеп,
Найзағайлар от билігін тұр билеп.
Ақ боранда құтырады ит деуші еді,
Алматының иттері ұлып, үрді кеп.
Тоғжан

Үзінді: Бауыржан Үсеновтің «Ерге салған жыр гүлі» мәтінінен

  • Қайрат: Азамат Түменов
  • Тергеуші: Айдынов Марат
  • Милиционер: Смайлов Талғат пен Марат Дархан
  • Автор: қысқаша баяндама оқылады

Автор

Қысқаша баяндама оқылады. Содан соң Қайратты тергеуге әкеледі.

Қайрат

Таспа тілгенде тәнімнен тозақ құштырдың,
Балағаттайсың мені — бір түйінің түсіндім.
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне?
Оқып көр, міне, өлеңге түнде түсірдім.

Тергеуші

Түкірдім мен жырларыңа!
Ит, не деген өткір едің.
Ине сұқтым тырнағыңа,
Өлердей ғып тепкіледім.
Алдап-арбау тәсілімен
мойындата алмадым.

Қайрат

Мойындата алмайсың.

Тергеуші

Байқа. 87 — бұл бүлігі көп.
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.
Тіліңді безеп, өлең айт маған десең,
Савицкийді өлтірдің алаңда сен!

Қайрат

Бітер екен осы бір Кеңес қашан?
Өлтіргенім жоқ, көргенім жоқ — мен ешқашан.
Сенбесеңіз, Құдай мен достар куә.