Көрініс Ана туралы аңыз
Тақырыбы
Бар ізгілік бір өзіңнен тарайды
Мақсаты
Ананың өмірдегі қоғамдық орнын, қадір-қасиетін оқушылар санасына сіңіру; ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Құрал-жабдықтар
- DVD
- MP3 диск
Көрнекілік
Аналар туралы нақыл сөздер.
«Ана бір қолымен бесік тербетеді, бір қолымен әлемді әлдилейді».
«Жұмақ ананың аяғының астында».
Жоспары
- 1 Кіріспе сөз.
- 2 «Ана туралы аңыз» атты көрініс.
- 3 Ана туралы жүрекжарды шығармашылық жұмыстар.
- 4 Тренинг: «Қымбатты апа…»
Жүру барысы: кіріспе сөз
Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа ортақ. Жердің өзіне де «Жер-Ана» деп теңеу айтып жүргеніміз бекер емес.
Ана хақында ғұламалардың жүректен жарып шыққан асыл сөз қалдыруы да сондықтан. Аналардың қоғам өмірінде алатын орны ерекше: ана — перзент тәрбиелеуші, ана — еңбек адамы, ана — тіршіліктің мейірімі.
Сондықтан әркім өз анасы туралы толғанады, сағынады, қолынан келгенше мәпелейді. Қарапайым еңбек адамы анасына сый-құрмет көрсетсе, ақын оған өлең арнайды.
Құрметті ұстаздар мен ардақты аналар! «Бар ізгілік бір өзіңнен тарайды» атты ашық тәрбие сағатында бүгін оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысасыздар. Әр баланың анасына деген жүрекжарды туындылары сіздерге жол тартады.
Көрініс: «Ана туралы аңыз»
Көріністегі рөлдер төмендегідей бөлінеді.
Рөлдер
- Жігіт
- Анасы
- Қыз
- Автор
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп: «Мен бір ауыр күнә жасадым. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?» — деп сұрайды. Сонда пайғамбар: «Анаң бар ма?» — дейді. Әлгі адам: «Бар» — деп жауап береді. Сонда пайғамбар: «Онда анаңа қызмет ет» — деген екен.
Ендеше, шәкірттердің өз жүрегінен туған аналар туралы өлеңдері мен ойтолғауларына кезек берейік.
Оқушылар мен аналарды ортаға шақыру
Құрметті қонақтар, енді осы ортаға төмендегі оқушыларды аналарымен бірге шақырамын. Қошеметіңізді аямайық.
I
Қорғасындай салмақты
________________________ анасы ___________________ апамен
II
Талапшыл да елгезек
________________________ анасы ___________________ апамен
III
Ақкөңіл де аңғал
________________________ анасы ___________________ апамен
IV
Алғыр да үлгілі
________________________ анасы ___________________ апамен
V
Дарынды да ерек
________________________ анасы ___________________ апамен
Ардақты аналар!
Өмір — өзен. Осы өмір жолында талай қиындық пен тауқымет тартып, бауыр етіңіз — балаларыңызды дәл бүгінгідей тәрбиелеп өсіргендеріңіз үшін сіздерге бас иіп, тағзым етемін. Бұл балалар үйде сіздің балаңыз болса, мектепте — біздің, менің балаларым.
Сіздерге өмірдің қиын да қызықты жолында сәттілік тілеймін. Шырақтарыңыз сөнбесін!
Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға бұдан артық сыйдың керегі жоқ.
Шырақты оқушыға ұстату сәті: «Қымбатты апа…»
Қорытынды сөз
Мұрат, мүдде, мақсатың —
Жақсы күн мен жақсы түн.
Нағыз бақыт — ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.
Ақтау дер ем,
Ақтау дер ем,
Апалардың ақ сүтін.
Ұлтымыздың бүкіл ұлағат өрісінің өзегі — аналар. Мейірім шуақтарыңыз жарқырап, шұғылалы сезім сәулелеріңізбен нұрландырып, даналықтың бастауы бола беріңіздер.
Осы тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.