Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері жоспары

Сабақ тақырыбы

Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты

  • а Оқушыларға құрылыс сызбаларын кескіндеу жолдары туралы түсінік беру.
  • ә Құрылыс сызбаларын орындау жолдарын талдау арқылы елестету мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • б Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа және талғампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Сызбалар
  • Сызба аспаптары
  • Слайдтар және басқа материалдар

Керекті құрал-жабдықтар

  • Интерактивті тақта
  • Сызба аспаптары

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Сызу. 9-сынып оқулығы
  • Сызу. Дидактикалық материалдар
  • Сызу. Электронды оқулық
  • Сызу. Графикалық жұмыстар жинағы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәнаралық байланыс

Геометрия, технология, алгебра, бейнелеу өнері

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі

Түсіндірмелі әдіс, ақпараттық технологияларды қолдану

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: эскиздердің атқаратын қызметі және оны орындау тәртібі.

Бекіту сұрақтары

  1. Эскиз дегеніміз не?
  2. Эскиздің сызбадан айырмашылығы неде?
  3. Эскизді қандай ретпен орындайды?

Қосымша жұмыс

Өлшеу аспаптарымен жұмыс.

3) Жаңа сабақ: құрылыс сызбаларының ерекшеліктері

Жоспар

  • Құрылыс сызбаларын кескіндеу
  • Құрылыс сызбаларын оқу

Негізгі ой

Кез келген құрылыс жобалаудан басталады, одан кейін жұмыс сызбалары орындалады.

Көне заманның өзінде ғимарат тұрғызу үшін сызба қолданылған. Алғашқы сызбалар жетілмеген болып, сызбадан гөрі суретке көбірек ұқсайтын.

Индустрияның дамуына байланысты сызбалар кеңінен қолданыла бастады. Бүгінгі таңда аспан тіреген зәулім үйлерді де, шағын саяжай үйлерін де, зауыттарды, спорт кешендерін, дүкендерді, аялдамаларды — барлығын құрылыс сызбаларынсыз тұрғызу мүмкін емес.

Құрылыс сызбалары жалпы сызба ережелері мен безендіру талаптарына сай орындалады. Дегенмен олардың өзіне тән ерекшеліктері болады.

Құрылыс сызбаларын кескіндеу

Ғимараттағы сәулет-құрылыс сызбаларының негізі — қасбет (фасад), жоспар және тілік. Олар ғимарат сәулеті, нысанды жобалау, өлшемдер, қолданылатын материалдар және негізгі элементтер туралы толық мағлұмат береді.

Қасбет (фасад)

Ғимараттың алдыңғы (негізгі) көрінісі. Негізгі қасбет — көше жағынан қарағандағы көрініс; сол және оң жақ көріністер — жанынан қарағандағы қасбет; артқы көрініс — аула қасбеті.

Қасбет масштабы

Қасбеттер әдетте кішірейтілген масштабта орындалады:

  • 1:50
  • 1:100
  • 1:200
  • 1:400

Ғимарат жоспары

Үстінен қараған көрініс: ғимараттың шартты тілігі. Қиюшы жазықтық әдетте терезе алды тақтайынан сәл жоғары алынады. Жоспарда қиюшы жазықтық өткен орын және одан төмен орналасқан элементтер көрсетіледі.

Қажет болған жағдайда жоспардың жекелеген бөліктері қасбетке қарағанда ірі масштабпен кескінделеді.

4) Сызба жұмысы

Саяжай үйінің құрылыс сызбасын орындау.

5) Тест тапсырмалары

Тақырып бойынша білімді тексеру тапсырмалары.

6) Сабақты пысықтау және бекіту

Сұрақтар

  1. Құрылыс сызбаларында өлшемдер қолданыла ма? Қандай өлшемдер?
  2. Құрылыс сызбаларында қандай масштабтар қолданылады?
  3. Қасбет дегеніміз не?

INSЕRT әдісі

  • Не білдім?
  • Нені үйрендім?
  • Нені білгім келеді?

7) Үй тапсырмасы

  • «Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері» тақырыбын түсіндіру (қайталау).
  • Сызба орындау.

8) Оқушыларды бағалау

Сабақтағы жұмыс нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.