Болжау кестесін ілу
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Мәтіндегі ақынның шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу, әңгіменің мазмұнын терең түсіндіру.
2) Дамытушылық
Оқушының сөйлеу мәдениетін және мәнерлеп оқу дағдысын дамыту; өздігінен жұмыс істеуге, оқығанынан қорытынды шығаруға үйрету.
3) Тәрбиелік
Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекті қадірлеуге тәрбиелеу; болжауға, өз пікірін еркін айтуға және көзқарасын дәлелдеуге баулу.
Сабақтың барысы
I. Психологиялық дайындық
Ұйымдастыру өлеңі
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- а) «Таза бұлақ» мәтінін сахналау.
- ә) Мәтінге сүйеніп, оқушыларға мінездеме беру. Венн диаграммасымен жұмыс (1-оқушы / 2-оқушы).
- б) Мәтінді өз ойларымен аяқтап, әңгімелету.
III. Жаңа сабақ
Ой ашар
- Кіріспе әңгіме.
- Шәкәрім туралы не білетінімізді ортаға салып, ойымызды топтастыру (оқушылар ассоциациялары жинақталады).
Ассоциацияларды топтастыру
IV. Ой қозғау (болжау стратегиясы)
Терминдер арқылы болжау
- Тақтаға суреттер ілінеді: дала, керуен, бір кесе бидай, қария.
- Оқушылар суреттерді сипаттап, әңгіменің не туралы болуы мүмкін екенін болжайды.
Болжау кестесі
| Не болды деп ойлайсың? | Оған қандай дәлел бар? | Не болды? |
|---|---|---|
| … | … | … |
Осы кестеге сүйене отырып, әңгімені бірнеше бөлікке бөліп оқып, тақырыпты талдайды және қорытынды ой жазады.
Сөздік жұмысы
- Зор
- үлкен, ауқымды, ұзақ
- Ділдә
- алтын ақша
- Тақыр
- тегіс, қатты жер
V. Ой толғаныс
Сұрақ-жауап
- Қария қандай сұраққа жауап берді?
- Ол «неге сонша қуандым» дейді?
- Өмірінде «не нәрсеге қатты кейідім» дейді?
- Қарияға күш-қуат берген не болды?
Мақал-мәтелдердің жалғасын тап
- Ақысыз аш адамға алтынның пайдасы жоқ
- Ас атасы нан
- Арпа бидай ас екен
- Алтын, күміс тас екен
- Ер еңбекте тәтті
- Еңбектің наны тәтті
- Жалқаудың жаны тәтті
VI. Қорытындылау
Оқушылар мәтін мазмұны бойынша негізгі ойды жинақтап, тақырыптың тәрбиелік мәнін өмірмен байланыстырады.
VII. Үйге тапсырма
«Бір кесе меруерт» мәтінінің мазмұнын айту.
VIII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәнерлеп оқуы, талдауы және тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.