Қазақтың ұлттық нақышта жасалған бұйымдарының нобайлары орындау

Мазмұны

I. Кіріспе

Қазақтың ұлттық нақышта жасалған бұйымдарының нобайлары.

II. Негізгі бөлім

  • Тақырыптың ғылымилығы.
  • Тақырыпты ашатын бейнебаян.
  • Ұлттық бұйымдардың инновациялық түрлері.
  • Рефлексия және кері байланыс.

III. Қорытынды

Сабақ нәтижелері мен қорытындылар.

IV–V. Дереккөздер

Пайдаланылған әдебиеттер және қосымша дереккөздер.

Кіріспе

Көркем еңбек пәнінен «Бұйымның нобайын дайындау» тақырыбы бойынша 7 «В» сыныбында сабақ өткіздім. Сабақты дарындылықты анықтау сипаттамасына сүйене отырып, оқушыларды А, В, С деңгейлері бойынша айқындаудан бастадым.

Сабаққа 5 бақылаушы мұғалім қатысты. Зерттеу нысаны ретінде 7-сынып алынды.

Зерттеудің мақсаты

А, В, С деңгейіндегі оқушылардың білім сапасының 1, 2, 3-сабақ кезеңдерінде қалай өзгергенін анықтау.

Нақты сұрақтар

  • Оқушы бойында қандай ерекшеліктер мен өзгерістер байқалды?
  • Өзгерістердің себептері қандай?
  • Оқушылардың мінез-құлқындағы үрдістер қалай көрінді?

Бақылау бағыты

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бақылау, сабақ барысындағы кері байланыс пен рефлексияны жүйелеу.

Талдау және қайта жоспарлау

Әр сабақтың соңында талдау жүргізіліп, кемшіліктер анықталды. Соған сәйкес келесі сабақтарға түзетулер енгізіліп, жоспар қайта қаралып отырды.

Тақырыптың өзегі

Бұл жұмыс қазақтың ұлттық нақышта жасалған бұйымдарының нобайларын орындау арқылы оқушының шығармашылық ойлауын, эстетикалық талғамын және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды.