Шоқанның нағашысы кім
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Байхазан Алмагүл
Сабақтың тақырыбы
Дина С. Бақбергенов
Сабақ мазмұны Құрманғазы және оның талантты шәкірті Дина туралы білімді тереңдетуге бағытталған.
Сабақтың мақсаты
-
1
Күй атасы Құрманғазы және оның талантты шәкірті Дина туралы оқушылардың бұрынғы білімін жаңа деректермен толықтыру.
-
2
Өнер адамдарына құрмет сезімін қалыптастыру.
-
3
Эстетикалық қызығушылықты арттыру.
-
4
Қиялды дамыту және сөздік қорды молайту.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Дайындық- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Техникалық құралдардың дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Слайд №1Тақырыбы: «Жаяу Мұса» (авторы: Зейтін Ақышев). Үй тапсырмасының мазмұнын 3–4 оқушыдан толық айтып беру сұралады.
Пысықтау: «Бәйге» ойыны арқылы сұрақ-жауап
Қайталау және бекіту- Әңгімеде кімдер туралы айтылған?
- Шоқанның нағашысы кім?
- Шоқанның досы кім еді?
- Мұса Байжановтың бойында қандай өнер бар?
- Мұсаның өнері қашан танылды?
- «Жаяу Мұса» атану себебін түсіндір.
Мұғалім сұрақтар қою арқылы сыныптан жауап алып, өмірмен байланыстыра отырып жаңа тақырыпқа өтеді.
III. Жаңа сабаққа кіріспе
Слайд №2Сұрақ–жауап
- Балалар, сыныбымызда Мұса ағамызға ұқсас әнші оқушы кім?
- Қазір теледидардан қандай музыкалық телешоулар көрсетіліп жатыр?
- Сендер қай әншіні қолдайсыңдар? Неліктен?
Сонымен қатар сыныбымызда домбырада жақсы ойнайтын оқушылар да бар. Мұның бәрін — үлкен өнерге ұмтылудың белгісі, өнер иесіне тән қасиет деп бағалауға болады.