Минералды ресурстар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Тірі және өлі табиғат арасындағы байланыстың бар екенін ұғындыру.
- Осы байланыстың адам денсаулығына және қоғам дамуына ықпалын түсіндіру.
- Туған өлкенің табиғи жағдайымен таныстыру.
Дамытушылық
- Қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру.
- Туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру.
- Туған жер табиғаты, оның ерекшеліктері және жергілікті жер атауларының тарихы туралы түсінікті тереңдету.
Тәрбиелік мәні
Оқушыларды табиғатты қорғауға, елін және жерін сүюге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ туған өлкеге арналады. «Тәрбие табалдырықтан басталады» дегендей, туған өлкеге деген сүйіспеншілік ең алдымен өзіміз тұрып жатқан өңірді қадірлеуден басталады. Экологиялық зардаптарды азайтуға ұмтылып, туған ауылымызды көркейту — сіздердің қолдарыңызда.
-
2) Өткен тақырыпты қайталау (сұрақ-жауап)
Сұрақ 1. Қандай табиғат ресурстарын білесіңдер?
- Отын-энергетикалық ресурстар
- Минералды ресурстар
- Су ресурстары
- Топырақ ресурстары
Табиғи ресурстарды игеру мәселесі табиғатты қорғаумен тығыз байланысты. Табиғат ландшафтарының эталондарын сақтау мақсатында Қазақстанда 10 қорық жұмыс істейді.
Сұрақ 2. Қазақстандағы қорықтарды атаңдар
- Ақсу-Жабағылы
- Наурызым
- Алматы
- Қорғалжын
- Марқакөл
- Үстірт
- Барсакелмес
- Батыс Алтай
- Алакөл
- Қаратау
Сұрақ 3. «Қызыл кітап» Қазақстанда қай жылы жарыққа шықты?
Бірінші басылым — 1977 жылы, екінші басылым — 1981 жылы. Халықаралық табиғатты қорғау ұстанымдарына сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері «Қызыл кітапқа» енгізіледі.
Сұрақ 4. Тәуелсіздік алғаннан кейін «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң қашан шықты?
1997 жылы шілде айында.
Сұрақ 5. Джемс Сорос қорының Қазақстандағы жетекшісі кім болды?
Мұрат Әуезов.
Сұрақ 6. «Невада–Семей» қозғалысы қандай мақсат қойды?
Халықты жұмылдырып, билік өкілдерінен атом бомбасын сынауды тоқтатуды және полигонды жабуды талап етті. 1991 жылы президент жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.
Туған өлке: Аягөз өңіріне көзқарас
Бүгінгі тақырып — туған жер табиғаты және оның экологиясы. Өлкемізді жан-жақты танып-білу үшін оқушыларға өздері туып-өскен өңір — Аягөз ауданына жалпы географиялық сипаттама дайындау тапсырылған.
Мұғалім сөзі: Оқушылар дайындаған материалдар арқылы туған өлкенің табиғи жағдайымен таныстық. Енді бейнежазба арқылы туған ауыл табиғатының жалпы көрінісін және Аягөз өзенінің келбетін тамашалаймыз.
Ән және әдеби байланыс
Т. Рахимовтың «Аягөз ару» әні орындалады. Сондай-ақ XIX ғасырда өмір сүрген, Аягөз өңірінде туған ақын-жырау Дулат Бабатайұлының «Аягөз» өлеңі тыңдалады.
Дулат Бабатайұлы — «Аягөз» (үзінді)
Тауды екіге жарасың,
Тасты қашап арасын,
Кесіп өтіп кезеңде,
Аягөз қайда барасың?Жағаңдағы сұлу тал,
Саясының шөбі бал,
Ерекше ішкен семіз мал.Сумаң қағып сүйріктей,
Шалқып-шапқан жүйріктей,
Екіге бөліп ерке су,
Қас пен көздің арасын!Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып.Ағының тасты ағызып,
Арнаң қалды осылып,
Күркіреген үніңнен
Аңдар қашты шошынып.Қырға суың тарады,
Ойға суың барады,
Тоғанменен тосылып.Аягөз сенің бойыңда,
Несібe-ырыс тегіс қой.
Қырың — малдың кіндігі,
Ойың — өнім-егіс қой.
Негізгі ой
Өлең жолдары туған жердің табиғи байлығын, өзеннің қуатын және өлкенің берекесін суреттей отырып, табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын айқындайды.
Автор туралы мәлімет
Өңірі: Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
Мектебі: Аягөз аудандық білім бөлімінің №4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Пәні: География
Мұғалімі: Хамзина Бакытгүл Амангелдиновна