Президент сарайы
Сабақтың тақырыбы
Астана – бас қала.
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Топтық жұмыс
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Астананың суреттері бар слайдтар
- Астана қаласының картасы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Елорда Астана туралы білімдерін жан-жақты кеңейту.
- Аталған білімді тапсырмалар арқылы бекіту.
- Зат есімді ажырата білуге дағдыландыру.
- Көптік жалғауларды меңгерту.
Дамытушылық
- Тіл дамыту.
- Ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
- Ізденімпаздық, тапқырлық, шығармашылықты дамыту.
Тәрбиелік
- Өз Отанын, халқын, жерін сүюге баулу.
- Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сәтті болсын күніміз,
Жарқын болсын үніміз.
Ашық болсын таңымыз,
Сау болсын деніміз!
II. Үй жұмысын тексеру және өткенді қайталау
Сұрақ-жауап арқылы қайталау:
- Қазақ әліпбиінде қанша дауыссыз дыбыс бар?
- Дауыссыз дыбыстар қандай топтарға бөлінеді?
- Қазақ тілінде сөздің көпше түрі қандай жалғаулар арқылы жасалады?
- Жуан сөздерге қандай жалғаулар жалғанады?
- Жіңішке сөздерге қандай жалғаулар жалғанады?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
III. Жаңа сабақ
Бүгін біз Астана қаласына саяхат жасаймыз. Саяхатымыз автобуспен өтеді. Тақтадағы картада бағытымыз белгіленген. Астананың көрікті жерлеріне жету үшін әр аялдамада тапсырмалар орындаймыз.
Саяхат логикасы
Аялдама → Тапсырма → Келесі нүкте
1) Сөздік жұмысы
Президент сарайы — Дворец Президента
Қонақүй — гостиница
Жастар сарайы — Дворец молодежи
Мәдени — культурный
- Сөздердің мағынасын түсіндіру.
- Дұрыс айтуға жаттықтыру (қайталау, тізбектеп айту).
- Берілген сөздермен сөйлемдер құрау.
Бірінші аялдама
Президент сарайы
1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді түсініп оқу.
- Сөздікті пайдаланып, аудару.
Екінші аялдама
Парламент ғимараты
2-тапсырма. Көптік жалғауларын жалғау
- 1-қатар: астана
- 2-қатар: ғимарат
- 3-қатар: қала
3-тапсырма. Зат есімдерді табу
Мына сөйлемдерден зат есімдерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар:
Болат әжесімен Астана қаласына қыдырып келді. Ол қаладағы үлкен, әдемі ғимараттарды көріп таң қалды. Әжесіне Бәйтерек пен «Қазақ елі» монументтері қатты ұнады.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы бой жазу.
Келесі аялдама
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Жастар сарайы
Бұл университетте дарынды студенттер оқиды. Олар бізге тапсырмалар жолдапты.
4-тапсырма
- «Мұражай» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
- «Қазақстан» сөзін тәуелдеу.
IV. Бекіту
«Дұрыс — бұрыс» ойыны: оқушыларға «дұрыс» және «бұрыс» сөздері жазылған кеспеқағаздар таратылады.
1) Астанада Медеу мұз айдыны бар.
Бұрыс2) Қазақстанның туының түсі — қызыл.
Бұрыс3) Астанада Президент сарайы бар.
Дұрыс4) Астана, Өскемен, Қарағанды — бұл таулар.
Бұрыс5) Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілі.
ДұрысV. Қорытындылау
Сұрақ-жауап:
- Астана қаласының бұрынғы атауы қандай?
- Астана қай жылы Алматыдан Астанаға көшірілді?
- Астана қайда орналасқан?
- Астанада нелер бар?
- «Астана — біздің мақтанышымыз» сөйлемін орыс тіліне кім аударады?
Венн диаграммасы
Астана және Алматы қалаларын салыстыру.
- Ұқсастықтары
- Айырмашылықтары
- Ерекшеліктері
Рефлексия
- Не білемін? Өз ойымды қысқаша жазамын/айтамын.
- Не білдім? Бүгінгі жаңа ақпаратты тұжырымдаймын.
- Не білгім келеді? Келесі қадамға сұрақ қоямын.
VI. Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, белсенділігіне қарай бағалау.
VII. Үй тапсырмасы
- 2-жаттығу, 43-бет.
- Сөздікті жаттау.