Слайд Наурыз көже
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдерін қорытындылау; тақырыпқа байланысты тапсырмалар арқылы білімін тексеру және бағалау.
Дамытушылық
Оқушының талдау және салыстыру қабілеттерін дамыту; септік жалғауларын дұрыс жалғауға үйрету. Ауызша және жазбаша жаттығулар арқылы сауаттылығын, тіл мәдениетін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру және сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Мемлекеттік тілге құрметпен қарауға, қазақ тілін саналы әрі ерікті түрде меңгеруге тәрбиелеу. Қазақ тілінің қазіргі қолданысын түсіндіру арқылы тіл үйренуге ынталандыру.
Көрнекілігі
Әртүрлі суреттер, тапсырмалар, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ.
Түрі мен әдістері
- Сабақ түрі: қайталау сабағы.
- Әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, жұптық жұмыс, ойын.
- Технологиялары: ойын технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Сабаққа кіріспе.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Бүгін қазақ тілі сабағында септіктерді қайталаймыз. Әр оқушы өз білімінің деңгейін көрсетуі тиіс.
Енді септіктер туралы шағын ертегіні тыңдайық.
Ертегі желісі: «Септік хан және жеті ұл»
Ерте-ерте ертеде Септік деген хан өмір сүріпті. Оның жеті ұлы болыпты. Ұлдарының әрқайсысының өз қызметі бар екен, әрі хан әр ұлына мұра қалдырыпты. Ханның жарлықтарын дұрыс әрі шапшаң орындаған оқушыға сый бар.
1-жарлық
Ұлдарының атын атап, ретімен орналастыру.
2-жарлық
Қызметін анықтау: сұрақтарын табу.
3-жарлық
Мұраларын атау: жалғауларын табу.
Оқушылар септік атауларын, сұрақтарын және жалғауларын ретімен айтып шығады.
2-тапсырма: Септеу және жалғауларды белгілеу
Берілген сөздерді септеп, жалғауларының астын сызыңыз.
1-топ
«хан» сөзін септеу
2-топ
«мұра» сөзін септеу
3-топ
«жарлық» сөзін септеу
«Жеті» санының мәні
Қазақ халқында жеті саны қасиетті деп саналады: 7 ғаламат, 7 қазына, 7 ата. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады, кемпірқосақта жеті түс бар, аптада жеті күн бар. Қазақ тілінде де жеті септік (сондай-ақ 7 ұяң, 7 үнді дауыссыз) кездеседі.
3-тапсырма: Наурыз көже және «жетілік»
«Септіктер хандығында» Наурыз мейрамына дайындық жүріп жатыр. Ханның тапсырмасы: Наурыз көженің қандай жеті тағамнан жасалатынын айту.
1-топ
Септік атауларын жинақтау
2-топ
Апта күндерін ретімен орналастыру
3-топ
Жеті ұрпақты ретімен орналастыру
Сергіту сәті
Біздер тату боламыз,
Гүл-гүл жайнап барамыз.
Жаттығу жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз!
- Орнымыздан тұрамыз, қолды белге қоямыз.
- Оңға бір бұрыламыз, солға бір бұрыламыз.
- Бір, екі, үш, төрт — қолды жоғары соғамыз.
Наурыз көже — қандай ассоциация?
«Наурыз көже» дегенде ойыңызға не келеді?
Көп жағдайда жауап: мейрам. Ал мейрамда не тігіледі? Киіз үй.
Ендеше, ханның келесі тапсырмасы — киіз үйді тігу. Ол үшін төмендегі жұмыстарды орындаймыз.
Топтық жұмыс: мәтінмен тапсырмалар
1-топ
Диктант мәтінінен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазу
2-топ
Мәтіннен тек жуан буынды сөздерді теріп жазу
3-топ
«Шаңырақ» сөзіне фонетикалық талдау жасау
Мәтін: «Киіз үй»
Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі екі метрдей болады. Керегенің әр бөлігін қанат деп атайды. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Осыдан кейін шаңырақты көтереді. Шаңырақтан кейін ерекше қастерленетін бөлшек — босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады.
5-тапсырма: Жалғауды дұрыс таңда
Слайд арқылы берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғап жазыңыз.
6-тапсырма: Мақал-мәтелдер және септік
Білім және өнер туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейік. Бүгін білім мен өнер тақырыбындағы мақал-мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын ауызша анықтаймыз.
(Не?)
Оқу — білім бұлағы.
(Не?)
Білім — өмір шырағы.
(Кімнің?)
Білімдінің алды — жарық.
(Кімнің?)
Білімсіздің күні — кәріп.
(Кімге?)
Өнерліге өлім жоқ.
(Кімге?)
Жалқауға жарық жоқ.
(Нені?)
Өнерді үйрен де жирен.
(Немен?)
Оқу — инемен құдық қазғандай.
Қорытынды бөлім
Сөзжұмбақ
Сөзжұмбақты шешу арқылы жасырылған сөзді табамыз: «септік».
- Аптаның 3-ші күні.
- «Земля» сөзін ілік септікке қой.
- «Неделя» сөзінің аудармасы.
- «Зима» сөзін жатыс септікке қой.
- «Одежда» сөзінің аудармасы.
- Жыл мезгілі.
Мәнерлеп оқу: Қ. Мырзалиев «Жеті септік»
Жеті септік — жеті бала, Жетеуінің атын ата. Атау септік кім? не? десе, Атың менен затыңды ата. Кімнің? ненің? — деп анықтап, Ілік септік іліп алар. Кімді? нені? керек етсең, Табыс сұрап жүріп табар. Кімге? неге? қайда? барсаң, Барыс септік біліп. Кімде? неде? қайда? десең, Жатыс септік сонда жатар. Шығыс септік кімнен? неден? Қайдан шықтың — соны айтар. Кіммен? немен? керек болса, Көмектес көмек беріп қайтар.
Бағалау
Тапсырмаларды орындау сапасы мен жылдамдығына қарай бағалау жүргізіледі.
Үй жұмысы
Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» өлеңін жаттау.