Ұйымдастыру рәсімі

Сабақтың мақсаты

Балалардың сөйлеу, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, тілін және сөз қорын жетілдіру. Жан-жақты білімін кеңейту. Өзін көпшілік ортада ұстауға, әдепті әрі әдемі болуға үйрету. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Көлік түрлерінің суреттері
  • Үнтаспа
  • Ойын элементтері (машина рөлі, «гараж»)
  • Жол макеті

Сөздік жұмысы

достық
дружба
көлік
транспорт
көлік түрлері
виды транспорта
жүргізуші
водитель
бағдаршам
светофор

Іс-әрекет кезеңдері

Төменде сабақтың негізгі бөлімдері мұғалімнің ұйымдастыруы және балалардың қатысу әрекеттері арқылы берілген.

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің сөзі: «Балалар, сендер күннен де әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп, Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма?»

Балалардың хормен айтатын сәлемдесуі

Сәлем саған, алтын күн! Сәлем саған, көк аспан! Сәлем саған, жер-ана! Сәлем саған, достарым! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Жақсылықты үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан.

Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: «Қазір көлік деген сөз төңірегінде әңгімелесеміз: сұрақтарға жауап береміз, жұмбақ шешеміз, ойын ойнаймыз.»

Сұрақтар

  • Көлік дегеніміз не? Ол адамға не үшін қажет?
  • Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?

Көліктің шығу тарихы (қысқаша түсіндірме)

Ертеде қазақ халқы ат пен түйені көлік ретінде пайдаланған. Үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек пен өгізді (сиырды) көлікке жеккен. Суық аймақтарда итті шанаға жеккен, бұғыны көлік еткен.

Қазіргі таңда мұндай көліктердің маңызы төмендеді. Бүгінде көліктер өте көп және оларды мынадай топтарға бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін, жер асты көліктері.

Жұмбақ 1

«Арқасында ауыл жүр, ала тайым шауып жүр.»

Жауабы: автобус.

Талқылау

  • Автобуспен қайда баруға болады?
  • Ол қайда тоқтайды?
  • Көлікте өзін қалай ұстау керек?

Балалардың жауаптары: балабақшаға, үйге, базарға, ауруханаға, саябаққа және т.б. Автобуста үлкендерге орын береді, билет алады; жылауға, қатты сөйлеуге, айқайлап күлуге, тамақ жеуге болмайды.

Жұмбақ 2

«Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер.»

Жауабы: пойыз.

Талқылау

  • Пойызбен қайда баруға болады?
  • Ол қайда тоқтайды?

Тепловозға қарашы, Түтіні көк бүркіген. Жалғыз өзі — санағын: Неше вагон тіркелген?

Балалар санайды: 1, 2, 3, 4, 5. Пойызбен үлкен қалаларға, алыс жерлерге баруға болады.

Сергіту сәті: «Пойыз»

Балалар сапқа тізбектеліп тұрады, пойыз сияқты қимылдайды. Бағдаршамның түсіне қарай әрекет етеді.

Қызыл

Тоқта

Сары

Дайындал

Жасыл

Жүр

Пойыз кетіп барады, Жан-жағына қарады. Бағдаршамда қызыл жанғанда, Пойыз тоқтап қалады.

Логикалық ойын: «Кім қай вагонда отырады?»

Балалар вагондарға «орналасып», тәртіппен әрекет етеді: бірін-бірі тыңдайды, кезек күтеді, дұрыс шешім қабылдайды.

Жол қауіпсіздігі: негізгі ережелер

Жаяу жүргінші

Көшеден тек жаяу жүргіншілер өткелімен өту керек (пешеходный переход).

Автобустан түскенде

Автобустың артқы жағынан өту қажет.

Бағдаршам

Көліктің көбеюіне байланысты адамдар бағдаршамды ойлап тапты. Оның үш «көзі» бар: қызыл, сары, жасыл.

Дидактикалық ойын: «Дұрыстап орналастыр»

Балалар жер беті, су және ауа көліктерін ретімен орналастырып, қалташаларға салады.

Дыбыспен жұмыс

«Көлік» сөзі «К» дыбысынан басталады.

«К» дыбысынан басталатын сөздер: кілем, кілт, кірпі, компьютер, т.б.

Арнайы көліктермен танысу

Жедел жәрдем

Ішінде дәрігер мен медбике болады, зембіл көрінеді. Бұл көлікті бәрі өткізеді, себебі науқасты тез арада ауруханаға жеткізу қажет.

Өрт сөндіру көлігі

Ішінде жылтыр каска киген өрт сөндірушілер отырады. Ұзын басқышы, үлкен шлангі және оралған катушкалары болады. Бұл көлікті бәрі өткізеді, себебі өртті тез сөндіру керек.

Балалардың ықтимал жауаптары

«Көлік адамдарды және жүктерді тасиды.» Мысалдар: автобус, жеңіл көлік.

Рефлексия және түзету кезеңі

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Өз гаражыңды тап»

Әуен қосылады: балалар «рөлді» ұстап жүреді. Әуен тоқтағанда рөлінің түсіне сәйкес гаражын табады.

Жолға шыққан адамға айтылатын тілек

Мұғалім: «Үйде ата-аналарың немесе туыстарың алыс жолға шықса, бір-біріне не дейді?»

«Жолың болсын!» — дейді. Атам шықса сапарға, Жолың болсын! — дейді апам. Апам шықса сапарға, Жолың болсын! — дейді атам. Жолың болсын! — дейді олар Үлкенге де, кішіге. Жолың болсын! — дейді олар Ұшырасқан кісіге. Осы сөзден байқадым Қуат барын, күш барын. Жолың болсын! — айтамын, Алыс жолға шықса кім.

Қорытынды: «Сау болыңыздар! Жолдарыңыз болсын!»

Күтілетін нәтиже

Білу

Көлік және көлік түрлерін ажырату; жолда жүрудің негізгі ережелерін білу.

Түсіну

Көліктің қолданылуы және оның адам өміріндегі пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

Істей білу

Жол ережесін сақтау, көпшілік ортада мәдениетті болу, топпен жұмыс істей алу.