Күйер кеудем

Мұқағали Мақатаев

Мен жырламаймын, Сырласамын.
Сыры бар замандаспен мұңдасамын.
Асыққан уақытпен,
Адымымды,
Абайлап, анда - санда бір басамын.
Көгендеп жыр қосағын,
Келмейді жыр жасағым.
Бөгендеп бетонменен қоя алмаймын,
Өзінше емін - еркін туласа ағын.
Ғайыптан пайда болғаи сайтандайын,
Жыр туса, қайтармаймын.
Улатып май таңдайын,
Ащы тіл ақиқатын айтар дәйім.
Жанынан жалындаған өрт кетпеген,
Жалықпай өзімді - өзім зерттеп келем.
0, жүрегім!
Орныңнан қобалжыма,
Жарамсақ жалғандыққа беттетпеген!
Тіптеп де мен емес - ті,
Мен дегенім.
Сендірмеймін,
Сенбеңдер сенбегенің.
Басқаның жаны - сырын ұғу үшін,
Өзімді зерттегенді жөн көремін.
Мендегі бар,
Сенде бар, онда да бар.
Демек, сенің,
Менің де сонда қалар...
Өз жаныңды алдымен жайып таста,
Жақсылықтың көкесі сонда болар.
He шығады бәрін де сүйем деуден?
Бәрін де сүйемін деп, иемденген.
Бәрін де мен де сүйем,
Айтпан бірақ,
Отырып оңашада күйер кеудем...
Күйер кеудем...
Сондықтан күйінемін.
Жасырман, жырымда сол жиі менің,
Жыр жазу, кім біледі, ермек шығар?!
Ақын болу -
Неғылған қиын едің!!!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мақағали шығармалары мен аудармалары
Абайдың поэмалары «Ескендір»
Сәкен Сейфуллинның өмірі мен шығармашылығы
Дулат Бабатайұлы шығармалары
АБАЙДЫҢ МАСҒҰТ ПОЭМАСЫНДАҒЫ ТАҚЫРЫП ЕРЕКШЕЛІГІ
Мұқағали Мақатаевтың сырлы да сынды өмірі
Абай шығармашылығының зерттелуі. Абай қазақтың жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салушы
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ДАЛА КОНЦЕПТІСІНІҢ КӨРІНІСІ
Қылует және оның мәні
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
Анам менің - кеудемдегі жүрегім
Құйшы тағы кеудеме, Қоңыраудың сырлы үнін
Жанкүйерлермен сайыс
Армысыздар құрметті қонақтар, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым
Досым өтсе алдымнан қырын қарап, Боз торғайым кеудемде шырылдамақ
Кеудемдегі сен деген күйсандықтан, Төгіліп тұрады ғой әнқашанда