Затқа жарықтың түспей тұрған көлеңкесі
Натюрморт туралы түсінік
Натюрморт — француз тілінен енген сөз. Дәл мағынасы — «өлі табиғат». Бұл жанрға күнделікті тұрмыста кездесетін заттарды, жемістерді, гүлдерді, сондай-ақ түрлі тағамдарды бейнелейтін көркем туындылар жатады.
Сабақтың тақырыбы
Үш заттан құралған натюрморт (жасанды жарық).
Сабақтың құрылымы
- I. Теориялық түсінік беру.
- II. Натюрморттың композициялық қойылымын дайындау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға натюрморттың құрылымын көрсетіп, сурет салуға қызығушылығын ояту.
Дамытушылық
Натюрморт салудың заңдылықтарын меңгерту, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Көзбен елестетуге, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар
- Сурет үлгілері
- Қарындаш
- Уголь
- Нобай өшіргіш
Тарихи шолу
Натюрморт алғаш рет XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Ал XVIII ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі кең тараған жанрға айналды. Бұл бағытта көптеген шеберлер танылды: Ван де Вальде, Винсент Ван Гог, сондай-ақ француз суретшілері Поль Сезанн және Анри Матисс. Бүгінде көптеген суретшілер осы қылқалам шеберлерінің жолын жалғастырып келеді.
Композиция не үшін маңызды?
Натюрмортты немесе басқа да заттардан құралған көріністі салғанда, оның мағыналы құрылымының өзегі болатын композицияны білу міндетті. Композициясыз қызықты әрі әсерлі сурет шығару қиын.
Қойылым
Бұл сабақта натюрморт үш заттан тұрады және жасанды жарықта орындалады.
Натюрморт салудың кезеңдері
1) Орналасуын анықтау
Заттардың қағаз бетіндегі орналасуын анықтау — бейнелейтін нысандардың жалпы нұсқасын дұрыс орналастырып, мөлшерін қажетіне қарай ықшамдап түсіру.
2) Құрылымын табу және пропорцияны тексеру
Натюрморттағы заттардың бір-біріне қатысты арақатынасын өлшеп, әрқайсысының сызықтық қаңқасын саламыз. Өлшеуді көбіне қарындаш арқылы жүргізген ыңғайлы.
3) Пішінін сомдау (жарық–көлеңке)
Штрих арқылы жарық пен көлеңкенің арақатынасын шешіп, заттардың табиғи формасын айқындаймыз. Пішін сомдауда штрихтың рөлі өте үлкен: оның көмегімен жартылай реңкті, меншікті көлеңкені және құлаған көлеңкені ажыратып, бірізділікке келтіреміз.
Штрихтауды көлеңкеден жарыққа қарай жүргізу ыңғайлы, бірақ бұл өзгермейтін заң емес. Қажет болса, жарықтан көлеңкеге қарай да орындауға болады — бәрі жұмыс барысындағы қолайлылыққа байланысты.
4) Жалпы тонды жинақтау және кеңістікті тексеру
Егер көзге бірден түсетін шамадан тыс жарық немесе қою көлеңке болса, оны жұмсартып, бүкіл натюрморттың жалпы реңдік шешіміне бағындырамыз. Натюрморт пен фон арасындағы кеңістіктің тереңдігін қайта қарап, заттардың фонға «жабысып» қалмауын қадағалаймыз.
5) Аяқтау
Артық көмекші сызықтар мен орынсыз штрихтарды өшіріп, жұмысты таза әрі жинақы күйде аяқтаймыз.
Сөзжұмбақ (жарық–көлеңке ұғымдары)
Сұрақтар
- Қандай да бір затқа сәуле мол түсіп тұрған жер қалай аталады?
- Затқа жарық түспей тұрған аймақ (көлеңке) қалай аталады?
- Натюрморттағы заттар арасындағы кеңістік қалай аталады?
- Заттың үстіне қатты түскен сәуле қалай аталады?
- Қоюланған штрихтар жиынтығы қалай аталады?
- Әлсіз жарық қалай аталады?
- Дененің жазықтықта жатқан ең қою көлеңкесі қалай аталады?
Тірек сөздер
Сабақты қорытындылау (сұрақтар)
- Компоновка дегеніміз не?
- Штрих түрлерін атаңдар.
- «Переход» дегеніміз не?
- Көмекші сызықтың қызметі қандай?
- 1, 2, 3 планды қалай түсінесіңдер?
- Параллель сызық дегеніміз не?
- Салыстыру ұғымын қалай түсінесіңдер?
- Композиция дегеніміз не?
Бағалау
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, орындалу сапасына қарай бағалау.