Кел балалар оқылық өлеңінің авторы

Қызылорда облысы • Қазалы ауданы • Қазалы ауылы

№100 орта мектеп кітапханашысы: Тәжиева Алтынай Шәймерденқызы

Тақырып

Білімнің шықтым шыңына

Мақсат

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, білім-білігін тексеру және 4-сынып көшбасшысын анықтау.

Көрнекілігі

Нақыл сөздер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, плакаттар, интерактивті тақта.

Кіріспе және ұйымдастыру

Жүргізушінің сөзі

Уа, халайық, халайық, бәріңе жар салайық!

Бүгінгі кеш төрінде есеп шешіп жарысып, жұмбақ шешіп сайысып, көңілді кеш құрайық.

Ал, сайыскер балалар, білімдеріңді сынайық — төртінші сыныптың көшбасшысын табайық!

Әділқазылар және ереже

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сіздерді 4-сынып оқушылары арасында өтетін «Төртінші сынып көшбасшысы» танымдық ойын сабағын тамашалауға шақырамыз.

Ойын 9 турдан тұрады. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.

  • 2 турдан кейін ұпайы төмен 2 оқушы ойыннан шығады.
  • Келесі турлардан кейін әр тур сайын 1 оқушыдан шығып отырады.
  • Соңында бір оқушы — көшбасшы — қалады.

Тілек

Ғылымның сырын ұғынып, білім шыңына шығыңдар! Ұқыптылық пен зеректік математика сырын меңгеруге жетелей берсін. Қадамдарың оң болсын!

Турлар мазмұны

Төменде әр кезеңнің қысқаша сипаттамасы және сұрақ үлгілері берілген.

І тур — «Бәйге»

Барлық оқушыға бірдей 20 сұрақ. Жауап беру: қол көтеру.

  1. 1.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
  2. 2.ҚР Конституциясы қашан, қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж.)
  3. 3.Бір жылда неше ай бар? (12)
  4. 4.64 қай санның квадраты? (8)
  5. 5.«Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
  6. 6.Еліміздің рәміздерін ата. (Елтаңба, Ту, Әнұран)
  7. 7.Әнұран авторлары. (Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
  8. 8.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42)
  9. 9.Қазақ әліпбиінің атасы. (А. Байтұрсынұлы)
  10. 10.Қазақта Жаңа жылды қай айда тойлайды? (Наурыз)
  11. 11.Жыл санаудағы жыл басы. (Тышқан)
  12. 12.«Сәулелі жұлдыз» атанған ғалым. (Ш. Уәлиханов)
  13. 13.Балаға ең жақын адам. (Ана)
  14. 14.Ұлттық валютамыз. (Теңге)
  15. 15.Домбырамен күй шертетін адам. (Күйші)
  16. 16.Жыл мезгілдерін ата. (Қыс, көктем, жаз, күз)
  17. 17.Оқушыны оқытатын маман. (Мұғалім)
  18. 18.Жеңіс күні қай күн? (9 мамыр)
  19. 19.ҚР мемлекеттік тілі. (Қазақ тілі)
  20. 20.Ең әділ, ең сенімді, ең шыншыл досың. (Кітап)

ІІ тур — «Көкпар»

Ауызша математика. Дайын оқушы қол көтеріп жауап береді.

  1. 1.9 см × 7 см тіктөртбұрыштың ауданы. (63)
  2. 2.Қабырғасы 8 см шаршының ауданы. (64)
  3. 3.11 см және 8 см тіктөртбұрыштың периметрі. (38)
  4. 4.Ауданы 16 см², ені 2 см. Ұзындығы. (8 см)
  5. 5.9 ыдыста 45 кг бал. 12 ыдыста қанша? (60 кг)
  6. 6.Әлібек айына 7 ертегі оқиды. 1 жылда қанша? (84)
  7. 7.55-ке қандай сан қосса 100 болады? (45)
  8. 8.10-ды 10 есе арттырып, 99 қос. (199)
  9. 9.Ең үлкен 4 таңбалы санға 1 қос. (10 000)
  10. 10.2700 : x = 9. x нешеге тең? (300)
  11. 11.12 бала 2 топқа тең бөлінді. Әр топта қанша? (6)
  12. 12.4 баланың әрқайсысында 5 асықтан. Барлығы. (20)
  13. 13.200 бен 300 қосындысын 5-ке кеміт. (495)
  14. 14.(90 + 50) : 7 мәнін тап. (20)
  15. 15.100 000-ды 1000-ға бөл. (100)
  16. 16.1000 × 1000 көбейтіндісі. (1 000 000)

Екі тур аяқталған соң ұпайы төмен екі оқушымен қоштасамыз. Сайыс келесі кезеңдермен жалғасады.

ІІІ тур — «Полиглот»

Сан есімі бар сөздерге құрылған жұмбақтарды шешу және қазақша-орысша айту.

  1. 1.Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. (Киіз үй — юрта)
  2. 2.Қос құлақты, жүз тісті, жүзінен бір-ақ із түсті. (Ара — пила)
  3. 3.Бір санға өсіреді, өзі қалып орнында; бізді алға көшіреді. (Сынып — класс)
  4. 4.Сақталады алты ай жаз, сандығында сары май. (Тоңазытқыш — холодильник)
  5. 5.Қалқиып екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян — заяц)
  6. 6.Екі аяқпен кезек-кезек тебеді, тынымсыз домалап зыр жүгіреді. (Доп — мяч)
  7. 7.Ағайынды бес туыс, жамылатын тоны бар; бесеуінде бір қуыс, сырттан кірер жолы бар. (Қолғап — перчатка)
  8. 8.Бір қораға қамалғандар, жану үшін жаралғандар. (Сіріңке — спичка)
  9. 9.Болса да көкті мекені, кездеспейді екеуі. (Ай мен күн — луна и солнце)
  10. 10.Кіп-кішкентай екі көзі, қалай көреді өзі; қолы екен ұзын мұрыны, сол мұрынмен тамақ тауып жүреді. (Піл — слон)

Бұл турдан кейін ұпайы төмен оқушымен қоштасамыз. Білімдерің шыңдала берсін!

IV тур — «Кім көп мақал біледі»

«Күш — білімде, білім — кітапта» қағидасымен оқушылар кезекпен мақал-мәтел айтады.

V тур — «Жорға»

4 пән бойынша ұяшықтар. Дұрыс жауап — көрсетілген ұпай.

Қазақ тілі

  1. 1) Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем. (Жай сөйлем — 20)
  2. 2) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері: сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздер. (30)
  3. 3) Мәтін түрлері. (Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау — 10)

Ана тілі

  1. 1) «Қарлығаш әулие» мәтінінің авторы. (Төле би — 20)
  2. 2) Берілген өлең жолдары қай жырдан? («Алпамыс батыр» — 30)
  3. 3) «Қырдың жас түлегі» деп кімді айтады? (Ш. Уәлиханов — 10)

Дүниетану

  1. 1) Әлемнің неше кереметі бар? (7 — 10)
  2. 2) Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптары. (Жазық — 20)
  3. 3) Ауа қоспасында ең көп газ. (Азот — 30)

Математика

  1. 1) Бес ғасырда неше жыл бар? (500 — 10)
  2. 2) Көбейтудің ауыстырымдылық заңы. (a × b = b × a — 20)
  3. 3) 19 см × 6 см тіктөртбұрыштың ауданын тап. (114 — 30)

Жүргізуші: «Білім — сарқылмайтын шырақ. Асықпаңдар, ойланыңдар жақсылап — білгірлер алға шығады».

VI тур — «Тамаша бестік»

Оқушылар тақтадағы жемістердің бірін таңдайды. Әр жауапқа 30 секунд уақыт беріледі.

Ана тілі (апельсин)

«Жетім» мәтінінің авторы кім? Қашан, қай жерде дүниеге келген?

Жауабы: М. Әуезов — 1897 ж., Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы.

Қазақ тілі (жүзім)

Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ережесін айтып, мысал келтір.

Жауабы: Екі немесе одан көп жай сөйлемнен құралған сөйлем — құрмалас сөйлем.

Дүниетану (клубника)

Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша?

Жауабы: 2 млн 700 мың шаршы км.

Бейнелеу өнері (шие)

Түстік рең дегеніміз не?

Жауабы: Түстердің бір-бірімен дұрыс үйлестірілуі.

Математика (алма)

1 м²-де неше дм² бар?

Жауабы: 1 м² = 100 дм².

VII тур — «Тірі сұрақ»

Математикаға қатысты есептер. Ойлануға 30 секунд беріледі.

  1. 1) Қанша қонақ келді?

    Таңат келді, Марат, Манат, Манап келді. Жанат, Жанақ, Талғат келді. Самат келді, бірақ қайтып кетті. Жанат та Саматқа ерді. Одан кейін Талап келді, Орақ келді.

    Жауабы: 8 қонақ.

  2. 2) Неше құс ұшып жүр?

    Үш қаз, үш қасқалдақ, екі үйрек, бір көксерек, бір қарға.

    Жауабы: 10 құс.

  3. 3) Қайыңдағы алма

    Бес бұтақ, әр бұтақта бес алма. Біреуін берсе, қанша қалады?

    Жауабы: 24.

  4. 4) Қолғап есебі

    8 қолғап сыйланды. Үйде неше бала бар?

    Жауабы: 4.

  5. 5) Сәбіз есебі

    5 көжекке 2-ден сәбіз берілді, соңында 1 сәбіз қалды. Әуелгі сәбіз саны қанша?

    Жауабы: 11.

Жүргізуші: «Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай — осы ойыннан көреміз ерен ерді».

VIII тур — «Жеңімпаз»

Логикалық сұрақ. Ойлануға 1 минут беріледі. Бірінші жауап берген оқушы — сынып көшбасшысы.

Сұрақ

«Ең үлкен төрт таңбалы санды 9 есе кемітіп, одан ең кіші төрт таңбалы санды шегерсең, менің өтірік жасым шығады», — дейді Қожанасыр.

Шешуі: 9999 : 9 = 1111; 1111 − 1000 = 111.

Жауабы: 111 жаста.

IX тур — «Көшбасшы»

Жеке сұрақ: көшбасшының ой-өрісін, пікірін анықтау.

Сұрақ

Математика пәнінің өмірдегі пайдасы қандай?

Сайыс қорытындысы бойынша 9 оқушының ішінен суырылып алға шыққан сынып көшбасшысы анықталады. Жеңімпазға табыс тілеп, марапаттау қағазын табыстау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Осымен «4-сынып көшбасшысы» танымдық ойын сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!