Оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыта оқыту
Қысқа мерзімді жоспар (Қазақ тілі, 3-сынып)
Бұл жоспар 3-сынып оқушыларына «В» дыбысы мен әрпін меңгертуді, сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасау дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Мақсаты
- Оқушыларды «В» дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасауға үйрету.
- Сөйлеу мәдениетін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорын және өздігінен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
- Адамгершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Міндеттері
- «В» дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау арқылы білімді жетілдіру.
- Шығармашылық тапсырмалар арқылы білім мен дағдыларды жинақтап, дамыта оқыту.
- Өздігінен жұмыс жасау қабілетінің дамуына ықпал ету.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар «В/в» дыбысы мен әрпін таниды және сөз ішіндегі ерекшелігін меңгереді.
- «В» дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасайды; жазады, оқиды, түсінеді.
- Жұптық жұмыс арқылы ынтымақтастық қалыптасып, белсенді жұмыс істеуге дағдыланады.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Әдіс-тәсілдер
- Жұптық жұмыс
- Сын тұрғысынан ойлау
- Өзіндік бағалау
- «Бағдаршам» әдісі
Сабақтың барысы
1) Үй тапсырмасын тексеру (2 минут)
Өтілген тақырыптар бойынша қысқа сұрақтар қойылып, оқушылардың алдыңғы білімдері еске түсіріледі.
2) Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру (2 минут)
- Сәлемдесу
- Түгендеу
- Жұпқа бөлу
- «Алтын ережені» еске салу
Психологиялық дайындық
Жағымды ахуал қалыптастырып, сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады. Оқушылармен бірге бағалау критерийлері келісіліп алынады.
Бір, екі, үш —
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Мұғалім: «Жарайсыңдар, балалар! Ендеше сабағымызды бастайық».
Тақырыпты айқындау (5 минут)
Жетелеуші сұрақтар
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- «В» қандай дыбыс?
- «В» әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?
- «В» әрпіне байланысты сөздер айтыңдар.
- Қандай әріптерді білеміз?
«Сиқырлы сандық» тапсырмасы
Мұғалім сандықшадан әріптерді кезекпен шығарады. Оқушылар әр әріпке қатысты білімін айтып, мысал келтіреді.
Бағалау: оқушылар әр кезеңде «Бағдаршам» әдісі арқылы түсіну деңгейін көрсетеді. Қызыл немесе сары түсті көрсеткен оқушыларға қосымша түсіндіру және бағыт-бағдар беріледі.
Пән мұғалімі
Индира Танабаева