Топқа бөлу. Кейбір оқушылар

5-сынып Геометрия Практикалық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы

Бұл сабақта оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигуралардың (текше және тік бұрышты параллелепипед) жазбасын құрастыруды үйренеді, өлшемдерді дұрыс анықтап, сызбасын сауатты рәсімдеуге дағдыланады.

Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.2.9 — жазық фигуралардың және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текше және тік бұрышты параллелепипед).

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің анықтамасын біледі және олардың негізгі қасиеттерін ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің жазықтықтағы сызбасына байланысты есептер құрастыра алады.

Кейбір оқушылар:

Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің жазбасын салып, олардың өмірдегі қолданылуына қатысты есептер шығара алады.

Сабақтың басы

7 минут
  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

  2. 2) Топқа бөлу («Ине–жіп» әдісі)

    Түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы топтарға бөлінеді: «параллелепипед», «текше», «квадрат».

    I топ

    Параллелепипед

    II топ

    Текше

    III топ

    Квадрат

    Топтар геометриялық фигураларды қатыстыра отырып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

  3. 3) Үй тапсырмасын тексеру

    Өзін-өзі тексеру арқылы орындалады.

Сабақтың ортасы

28 минут

Жаңа сабақты ашу

«Миға шабуыл» әдісі арқылы проблемалық сұрақтарға жауап беріп, негізгі ұғымдарды еске түсіру.

Проблемалық сұрақтар

  • Тік бұрышты параллелепипедтің неше қыры бар?
  • Тік бұрышты параллелепипедтің неше төбесі бар?
  • Тік бұрышты параллелепипедтің неше жағы бар?
  • Текше дегеніміз не?

Топтық жұмыс

«Ойлан – жұптас – бөліс» форматы: әр топ берілген заттың өлшемдерін анықтап, сызбасын және жазбасын салады.

I топ

Сіріңке қорапшасы

II топ

Кубик-Рубик

III топ

Бор

Дескриптор

  • Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің ұзындығын, енін, биіктігін таба алады.
  • Фигуралардың өлшемдерін анықтай алады.
  • Берілген өлшемдер бойынша сызбасын және жазбасын дұрыс орындай алады.

Оқулықпен жұмыс

«Қалауыңды таңда» (№922) тапсырмасы: ақ парақтың үстінде тапсырмалар жазылған үш түрлі пішіндегі фигуралар беріледі. Топбасшылар өз таңдауларын жасап, топқа тапсырманы бөліп береді.

Мектеп

№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы

Мұғалім

Ыбанова Г. Е.

Материал

«Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы»