Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Сабақ жоспары
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақ Excel электронды кестесінде деректерді өңдеу тәсілдерін меңгертуге, формулаларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға және функциялардың графиктерін құрастыруға бағытталған.
Негізгі мақсаттар
- Excel электронды кестесінде деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру.
- Деректерді өңдеуде формулаларды пайдалануды үйрету.
Дамытушылық мақсат
- Электронды кестеде есептеу жүргізу және график салу дағдыларын дамыту.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар
Оқушы білуі тиіс
- Электронды кестелерде сандық ақпаратты өңдеу технологиясын.
Оқушы меңгеруі тиіс
- Электрондық кестені құру және деректермен дұрыс толтыру.
- Деректерді өңдеу үшін формулаларды қолдану.
- Функциялардың графиктерін салу.
Оқыту ресурстары
Дереккөздер
- Оқулық
- Интернеттен алынған материалдар
- Таратпа қағаздар
- Интертақта
- Слайдтар
Оқыту әдістері мен тәсілдері
- Сұрақ-жауап: негізгі ұғымдарды нақтылау және кері байланыс алу.
- Түсіндіру: формула және график құру қадамдарын жүйелі көрсету.
- Талдау: алынған нәтижелерді салыстыру және қорытынды жасау.
- Ой толғаныс: үйренген дағдыларды қолдану жолдарын пайымдау.
- Сәйкестендіру тесті: терминдер мен әрекеттерді дұрыс байланыстыру.
Қолданылатын модульдер
Сыни тұрғыдан ойлау
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Сабақ барысы
Сабақ Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылындағы «Абай атындағы орта мектеп-бақша» КММ базасында өтеді. Пәні: информатика.
Мұғалім: Абдреева Насима Кужатовна