Компьютер ойыны

Сабақтың тақырыбы

6-ға көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды 6-ға көбейту және 6-ға бөлу тәсілдерімен таныстыру.
  • Фигуралардың ауданын табуға машықтандыру.
  • Жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын дамыту.
  • Ойлау, пайымдау және дәлелдеу қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік бағыты

  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Ізденімпаздық пен ұйымшылдыққа баулу.

Түрі

Жаңа сабақ

Әдістері

Сұрақ-жауап, ойландыру, көрнекілік, жеке және топтық жұмыс

Технология

Ақпараттандыру, дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Математика — ғылымның патшасы. Ол дәлдікке, тәртіпке үйретеді, логикалық ойлауды дамытып, ақылды кеңейтеді. Бүгінгі сабақта біз ойлау, пайымдау, нақтылау, жүйелеу және дәлелдеу әрекеттерін орындаймыз.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар қонақтармен амандасады.
  • Топтармен танысу.

Тапқырлар

«Есептеуді білмейтін адам — түк білмейтін надан.»

Ойшылдар

«Білім қымбат, білу қиын.»

Білгірлер

«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп.»

Зеректер

«Ақыл азбайды, білім тозбайды.»

2) Үй тапсырмасын тексеру

№6 — Өрнектің мәнін тап

24 : c, мұнда c = 4, 6, 8, 24, 1

Жауабы

6, 4, 3, 1, 24

№8 — Қалдықпен бөлу

Жауабы

100 (қ. 1), 100 (қ. 2), 102 (қ. 2), 5 (қ. 1), 5 (қ. 2), 5 (қ. 10), 5 (қ. 20)

3) Жаңа сабаққа дайындық

Ауызша есептеулер

27 : 3 32 : 8 36 : 4 5 × 10 45 : 9 14 : 7 15 : 5 40 : 4 50 : 10

Перфокарталармен жұмыс

Әр топтан бір оқушыға перфокарта таратылады. Дұрыс жауаптарды ашқанда «Қазақстан» сөзі шығады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағдарламасында 8 нақты міндет көрсетілген, соның бірі — мектептерді компьютерлендіру. Егер математика ғылымдардың патшасы болса, компьютер — келешектің қожайыны.

4) Компьютер ойыны

Өрнектердің мәнін тап.

1) 140 : 2 + 330 + 500 − 899 =
2) 40 × 3 + 560 − 145 − 519 =
3) 50 × 6 − 128 + 18 + 40 − 210 =
4) 90 : 3 + 256 − 149 − 110 =

Жауабы

1, 16, 20, 27

5) Жаңа сабақ

«Мен 6-мын, 6-мын, ойыным бар әртүрлі. Айналдырсаң мені сен 9-дық боп шығамын», — деген жұмбақ арқылы бүгін 6-ға көбейту және 6-ға бөлу амалдарын үйренеміз.

Көбейту үлгілері

6 × 6 = 6 × 5 + 6 = 36

6 × 7 = 6 × 6 + 6 = 42

6 × 8 = 6 × 7 + 6 = 48

6 × 9 = 6 × 8 + 6 = 54

Бөлу үлгілері

36 : 6 = 6

42 : 6 = 7

48 : 6 = 8

54 : 6 = 9

6) Оқулықпен жұмыс

№7 (123-бет) — Есеп

Шарты: кабинетте әрқайсысында 6 компьютерден болатын 8 қатар (немесе 8 бірлік) бар, мұғалім бөлмесінде тағы 2 компьютер.

Шешуі

6 × 8 + 2 = 50

Жауабы: барлығы 50 компьютер.

№8 — Амалдарды орында (тақтада)

Әр топтан бір оқушы шығып орындайды.

720 + 234 =
(48 − 39) × 6 =
1 × 6 =
20 × 6 =
500 − 264 =
(19 + 17) : 6 =
6 : 6 =
60 : 6 =
504 + 128 =
24 : (3 × 2) =
6 : 1 =
300 : 6 =

7) Сергіту сәті

«Менің Отаным — Қазақстан» қимыл-қозғалыс жаттығуы:

  • Менің — қолды жүрекке қою.
  • Отаным — қолды айналдыра қозғату.
  • Қазақстан — қол шапалақтау.
  • Орныңды ауыстырып, жаттығуды 3 рет қайталау.

8) «Сиқырлы фигуралар» тапсырмалары

Пішініне қарап фигураларды ажыратып, олардың ауданын табу жолдарын талқылаңыз.

Шаршы

Шаршының ішіне 2, 3, 5, 6, 7, 8 сандарын орналастыр. Тігінен және көлденең қосындысы 15-ке тең болсын.

Үшбұрыш

Үшбұрыштың қабырғаларына 2, 3, 5, 6 сандарын орналастыр. Қосындысы 12-ге тең болсын.

Тік төртбұрыштар

Суретте неше тік төртбұрыш бар? Әр тік төртбұрыштың ауданын тап.

9) Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

Қосу мен көбейту таңбаларын пайдаланып өрнек құрастыр

5 5 5 5 5 = 25

(5 5 5 5) 5 = 100

II деңгей

Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыр

6 × 4 =

6 × 6 =

6 × 5 =

III деңгей

Тік төртбұрыштың ауданын тап

Ені — 6 см, ұзындығы — одан 4 см қысқа. S = ?

IV деңгей

Теңдеуді шеш

x · 6 = 30 + 18

10) Сабақты қорытындылау

1) Жолдасыңның жауабын мұқият тыңдай алдың ба?

2) Жұмыстың ұтымды болуы үшін не істеу керек?

3) Сабақ саған ұнады ма? Неліктен?

11) Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауына сәйкес беріледі.