Ауа арқылы жұғатын аурулар
Сатылай кешенді талдау сабағы (8-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Ауа – газдар қоспасы
Сабақтың әдісі
Сатылай кешенді талдау
Пәнаралық байланыс
Экология, валеология, ҚР Конституциясы
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға ауаның құрамы, ашылу тарихы, азот, оттек, көмірқышқыл газы және салғырт газдар туралы түсінік беру.
- Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын, ойлау қабілетін дамыту.
- Ауаны қорғауға, табиғатты сақтауға үлес қосуға тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктер
- Электрондық оқулық
- Сызбалар, суреттер
- Ұран: «Таза ауа – жанға дауа»
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Кезекшінің есебін тыңдау.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Оттек пен озонды төмендегі жоспар бойынша салыстыра отырып сұрау:
- Құрылысы
- Алынуы
- Физикалық қасиеті
- Химиялық қасиеті
- Қолданылуы
- Табиғатта кездесуі
3) Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылардың алдына бірі сумен толтырылған, бірі бос екі стақан қойылып, сұрақ қойылады:
- «Бұл стақандардың ішінде не бар?»
- «Бос стақанның ішінде ауа бар» деген қорытындыға келу.
Бізді қоршап тұрған газдар қоспасын атмосфералық ауа деп атаймыз. Енді «Ауа» тақырыбын сатылай кешенді талдау арқылы қарастырамыз.
Анықтамасы
Ауа – газдар қоспасы.
Қасиеті
Түссіз, иіссіз, дәмсіз газ.
Ашылу тарихы
Ауаның құрамын алғаш рет француз ғалымы А. Лавуазье 1774 жылы анықтады. XVIII ғасырға дейін табиғат зерттеуші ғалымдар реакция кезінде түзілетін газдардың бәрін «ауа» деп санап, әрқайсысын ерекше қасиетіне қарай атаған: мысалы, сутекті «жанғыш ауа», ал көмірқышқыл газын «орман ауасы» деп атаған. Тек XVIII ғасырдың аяғында ауа – әртүрлі газдардың қоспасы екені дәлелденді.
Ауаның құрамы (көлемі бойынша)
Азот
78%
Түссіз, иіссіз, ауадан аздап жеңіл газ. Онда тірі ағзалар тіршілік ете алмайды. «Азот» атауы грек тілінен аударғанда «тіршілікті қолдамаймын» деген мағынаны білдіреді.
Оттек
21%
- Иіссіз, түссіз, дәмсіз газ.
- Ауадан сәл ауыр.
- Суда аз ериді.
- −183°C-та сұйылады, −218°C-та қатады.
Салғырт және басқа газдар
1%
Салғырт газдар: He, Ne, Ar, Kr, Xe. Түссіз, молекуласы бір атомнан тұратын газдар. Электр разряды кезінде түрлі түсті жарық шығарады:
- He — ашық сары
- Ne — қызыл
- Ar — көгілдір
Көмірқышқыл газы (CO₂)
Жану, шіру және тыныс алу нәтижесінде түзілетін газ.
Ауаны ластаушы газдар және олардың көздері
Табиғат құбылыстары кезінде (жер сілкінісі, жанартау атқылауы), отын жанғанда, зауыт-фабрикалар жұмыс істегенде және автокөліктерден ауаға әртүрлі газдар таралуы мүмкін. Негізгі ластаушылар:
Азот оксидтері
NO, NO₂
Күкірт оксидтері
SO₂, SO₃
Күкіртсутек
H₂S
Бұл оксидтер жауын мен қар суында ериді де, ауадан топыраққа өтеді.
Жану процесі ауадағы оттек мөлшерін азайтып, көмірқышқыл газының үлесін арттырады. Әсіресе ормандарда, мұнай ұңғымаларында, шахталарда және өрт кезінде оттек көп жұмсалады.
Егер көмір, бензин және басқа отын толық жанбаса, атмосфераға күйе, иіс газы (CO) және басқа зиянды газдар таралады. Ұшақтар мен ғарыштық ракета қозғалтқыштары да атмосфераға улы газдар бөледі.
Темекі тарту да ауаны ластайды: темекі толық жанбайтындықтан, уытты заттардың мөлшері артады.
Ауа арқылы жұғатын аурулар
Бұл бөлімде мектеп дәрігерінің кеңесі тыңдалады.
Ластаушы заттар және адам денсаулығына әсері
Ластаушы
Әсері
Қоқыс
Респираторлық аурулар, өкпе ісігі.
Көмірсутектер және ұшпа органикалық қосылыстар
Ісіктердің пайда болуы.
CO (иіс газы)
Тұншықтырғыш әсер; ойлау қабілетінің төмендеуі, ұйқышылдық, бас ауруы, жүрек соғуының жиілеуі, жиі тыныс алу, бедеулік қаупі, миокард инфаркті.
NO₂ (азот диоксиді)
Респираторлық аурулар, жаңа түзілістердің пайда болуы, ишемиялық ауру қаупі.
SO₂ (күкірт диоксиді)
Респираторлық аурулардың күшеюі.
Қорғасын және басқа ауыр металдар
Қан аздық, естен тану, көрудің нашарлауы, гипертония, жүйке жүйесінің бұзылыстары.
O₃ (озон)
Шырышты қабықты тітіркендіру.
Қышқылдар (негізінен күкірт және азот қышқылдары)
Демікпе ұстамаларының жиілеуі.
Кешенді әсер: фотохимиялық тұман (смог), HNO₃
Бас ауруы, жүрек айну, көздің кілегей қабығы мен тамақтың тітіркенуі, өкпе ауруларының күшеюі, бронх демікпесі.
Ауаны қорғау
Ауа мұхиты — жер бетіндегі тіршіліктің ортақ мекені. Сондықтан оны ластанудан қорғау — бүкіл адамзаттың міндеті.
Электростанциялар, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірістерінің қалдықтары қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін, ғалымдар жаңа технологияларды әзірлеуде. Әр адам өзі өмір сүретін өңірдің экологиясын жоспарлы түрде жақсартуға үлес қосуы керек.
Қазақстанда атмосфералық ауаны қорғау міндеті ҚР Конституциясы арқылы бекітілген.
Маңызды түйін
Таза ауа – жанға дауа.
Оқушылар өз шығармашылығы бойынша дайындаған өлеңдерін, шығармаларын, салған суреттерін қорғайды. Электрондық оқулықтан қажетті мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады.
4) Бекіту: есептер шығару
№1 есеп
Оттек бойынша тығыздығы 2 болатын газдың салыстырмалы молекулалық массасын анықта.
№2 есеп
Газдар қоспасы: 0,3 моль сутек, 0,4 моль азот, 0,3 моль көмірқышқыл газы. Қалыпты жағдайда қоспа қандай көлем алады?
5) Бағалау
Көп жетон жинаған оқушылар бағаланады.
6) Үй тапсырмасы
- §26 оқу.
- 1–5 жаттығуларды орындау.
Автор туралы мәлімет
- Өңір
- Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
- Мектеп
- №17 Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
- Пән мұғалімі
- Химия пәні мұғалімі Қабулова Қатира Дабылқызы