Оқушыларды топпен жұмыс жасауға бір - бірінің пікірін тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы: Ұлыбритания, Франция, Германия

Сабақтың мақсаттары

  • 1

    Білімділік: Оқушыларды Батыс Еуропа елдерімен таныстырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

  • 2

    Дамытушылық: Пәнге қызығушылықты ояту, ойлау қабілетін арттыру, шығармашылық белсенділікті дамыту және тез ойлап, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

  • 3

    Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жарыс сабақ.

Оқыту әдістері

  • Топтастыру
  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндірмелі әдіс

Әдістемелік жабдықталуы

  • Карта
  • Оқулық
  • Суреттер
  • Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Зейіндерін шоғырландыру.
  • Сыныпты 3 топқа бөлу.
  • Топ басшыларын сайлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталауға арналған тапсырмалар 3 топқа бірдей беріледі. Топ мүшелері мүмкіндігінше жылдам әрі дұрыс жауап беруі керек.

Әр топқа өзін-өзі бағалауға және топ басшылары белгілейтін бағалау парағы беріледі.

III. Жаңа сабақ

Жаңа тапсырмаларға кіріспес бұрын, тақтада берілген атаулардың қай мемлекетпен байланысты екенін сыныппен бірге мұғалімнің көмегімен анықтайды.

Германия

  • Бавария
  • BMW
  • Рудольф Дизель
  • Michael Schumacher
  • Иоганн Себастьян Бах
  • Людвиг ван Бетховен
  • Рейн
  • Йоахим Гаук

Ұлыбритания

  • Метро
  • Футбол
  • Букингем сарайы
  • Стоунхендж
  • Гринвич
  • Елизаветта II

Франция

  • Лувр мұражайы
  • L’Oréal
  • Монблан тауы
  • Renault
  • Эйфель мұнарасы
  • ЮНЕСКО ғимараты
  • Зинедин Зидан
  • Франсуа Олланд

Тапсырма идеясы

Әр топ берілген атауларды тиісті мемлекетпен сәйкестендіріп, таңдауын қысқаша дәлелдейді. Дәлелдің анықтығы мен жылдамдығы бағалауда ескеріледі.