Шығармашылық тобы

Сабақтың тақырыбы

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы

Сабақтың мақсаты

  • Бірлескен жұмыс негізінде жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру.
  • Берілген тапсырмаларды өзара ынтымақтастықта орындау.
  • Өзгеге қарап өзін-өзі реттей білуге үйрену.
  • Сыни ойлауға дағдылану.

Күтілетін нәтиже

  • Жаңа тақырыпты меңгереді, қосымша мәліметтер алады.
  • Сыни ойлау дағдысы қалыптасады.
  • Өзін-өзі реттеу дағдысы нығаяды.

Сабақ барысы

Психологиялық тренинг: сәлемдесу

Жұптық жұмыс

Оқушылар жұптасып, әр халықтың дәстүрі бойынша бір-бірімен амандасады. Мысалы: ағылшын, неміс, эскимос, үнді, қытай және қазақ дәстүрлері.

Кластер

Түсінік құрастыру

Абай — ақын, аудармашы, сазгер, прозашы.

Топтық жұмыс

Қорғау және талқылау

Баспасөз тобы

ХХ ғасыр басындағы баспасөздің дамуы.

Оқу-ағарту тобы

ХХ ғасыр басындағы оқу-ағарту ісі.

Шығармашылық тобы

ХХ ғасыр басындағы шығармашылықтың дамуы.

Топтар берілген уақыт ішінде дайындалып, жұмыстарын сынып алдында қорғайды.

Сергіту сәті: «Авторын тап»

Ойын

Әр топқа үлестірме қағаздар таратылады. Топтар авторын жасырын ұстап, тек шығарманың атауын немесе үзіндісін ұсынады. Қалған топтар шығарманың авторын табуы керек.

Тест жұмысы

Төмендегі сұрақтарға берілген жауап нұсқаларынан дұрысын таңдаңыз.

  1. 1) Мамания мектебі қай жылы ашылды?

  2. 2) Осы мектепте қолөнерінен сабақ берген кім?

  3. 3) 1914 жылы сахнада қойылған «Бақытсыз Жамал» кімнің шығармасы?

  4. 4) «Айқап» журналын шығарған кім?

  5. 5) «Қазақ» газеті кімдердің басшылығымен шықты?

  6. 6) Абай қалыптастырған реалистік бағытты жалғастырушы ретінде танылған кім?

  7. 7) Әлем әдебиетінен Физули мен Пушкин шығармаларын өлең түрінде аударған ақын кім?