Түздегі қарттың ермегі

Ауызша сабақ — 1 8-сынып Биоақпараттану және синергетика технологиясы

Сабақ тақырыбы

Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» шығармасы бойынша мәтінді түсініп оқу және мазмұнын талдау.

Сабақ мақсаты

  • Оқушыларды мәтін мазмұнын өздігінен терең түсінуге жетелеу.
  • Логикалық және сыни тұрғыдан ойлау жылдамдығын дамыту.
  • Сөздік қорды, ақпараттық құзыреттілікті жетілдіру.
  • Адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (мотивация)

  1. Картамен жұмыс тәртібі

    63% норманы анықтау және жазу (сыныптағы оқушы санына байланысты есептеледі).

  2. Ұжымды белсендіру

    Көшбасшыға сөз беру арқылы жұмысты жандандыру.

  3. ООМ бойынша жұмыс

    Орынға отырғызу матрицасы бойынша белгілеу: A, B, C, D, E, F.

II. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы бұл сабақта тексерілмейді.

Бағалау ережесі (ООМ белгісі)

  • 4 белгі — «5»
  • 3 белгі — «4»
  • 2 белгі — «3»
  • 1 белгі — «2»

III. Жаңа сабақ

1) Кілтті сөздермен жұмыс (есте сақтау)

Мұғалім кілтті сөздерді тақтаға жазып, мағынасын қысқаша түсіндіреді.

Тірек сөздер

  • Тарбағатай сілемдері
  • тағдыр
  • Күргейтас
  • қоржын
  • аманат
  • кәсіп

Нұсқаулық

  1. 1. 7 сөзді 30 секунд ішінде есте сақтау.
  2. 2. Сөздер жабылады: оқушылар барлық сөзді есте сақтауы керек.
  3. 3. Дәптерге жазу: сөздердің реті маңызды емес. Уақыт — 30 секунд.
  4. 4. Көршімен дәптер алмастыру: тексеру, санау, қайта қайтару.
  5. 5. Нормаға сай орындаған оқушыға ООМ ұяшығына бірінші «+» қойылады.

2) Оқулықпен жұмыс (мәтінді түсініп оқу)

Мәтінді мұқият оқып шығу тапсырылады. Кейін сұрақтарға жауап берілетіні ескертіледі.

8-сынып үшін мәтіннің бір бетіне ұсынылатын уақыт: 4 минут.

3) Қарама-қарсы сұрақтар (мазмұнды тексеру)

Дұрыс жауап берген оқушыға ООМ ұяшығына екінші «+» қойылады.

1

Оқиға қай мезгілде болды?

Күз мезгілінде.

2

Басынан бұлт кетпейтін шың?

Етікші шыңы.

3

Қарт нені талшық қып келе жатты?

Бір уыс малтаны.

4

Өзенге түсе беріс алаңқайда нені көрді?

Адамның қу басын.

5

Қарт Алладан неше күндік ғұмыр сұрады?

Екі күндік.

6

Сөмкені неден жасады?

Ешкінің терісінен.

7

Малта неден жасалады?

Сүттен.

8

Қарт қайда бет алды?

Туған жеріне.

9

Қарт малтаны неге құйып алды?

Торсыққа.

10

Осы сапарға неше жыл дайындалды?

40 жыл.

11

Қарт немересін қалай бақты?

Арқасына көтеріп жүріп бақты.

12

Немересі мектепке барғанда не істеді?

Той жасады.

13

Қиын шешімге жетелеген қандай күш?

Туған жеріне деген сағыныш.

14

Түс кезінде қартқа не кездесті?

Көкжал қасқыр.

15

Қарт қандай жерді паналады?

Құз жартасты.

16

Қандай әрекет жасады?

Бірнеше үлкен тасты қасына әкеп алды.

17

Өзеннің ағысы қандай?

Өте қатты.

18

Өзен қалай ағып жатты?

Долдана ағып жатты.

19

Таулы өлкеде күн қалай батады?

Ерте батады.

20

Төлеутай кім?

Немересі.

21

Туыстары қалай қайтыс болды?

Қалың сүзектен.

22

Қарт немен айналысты?

Аңшылықпен.

23

Түздегі қарттың ермегі?

Қара мылтық.

24

Үйдегі ермегі?

Қара домбыра және немересі.

25

Қарттың бойындағы ең асыл қасиет?

Шыдамдылық.

26

Неге қатты өкінуші еді?

Немересін сақтай алмағанына.

27

Қарттың соңғы арманы?

Туған жерге жету.

28

Немересі қалай өсті?

Зерек болып өсті.

4) Сын тұрғысынан сұрау (Иә/Жоқ)

Оқушы «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп қана қоймай, қысқаша дәлел айтады. Дұрыс жауапқа ООМ ұяшығына үшінші «+» қойылады.

Тұжырым Жауап
1 Оқиға жаз мезгілінде болды. Жоқ, күз мезгілінде.
2 Оқиға Алтай сілемдері тұсында өрбиді. Жоқ, Тарбағатай сілемдері.
3 Қарт Ұсташы асуының биігіне көтерілді. Жоқ, Етікші шыңына.
4 Қалың жынысты қойнауға жеткенде күн жылына бастады. Иә.
5 Қарт сусынын шыны ыдысқа құйып алды. Жоқ, торсыққа.
6 Құйып алған шайы екі күн бұрын таусылған. Жоқ, айраны таусылған.
7 Малта сүттен жасалады. Иә.
8 Қарт шаршамай, тез-тез жүріп келеді. Жоқ, тізесі дірілдеп, зорға жүріп келеді.
9 Қарт осы сапарға 40 жыл дайындалды. Иә.
10 Түс кезінде қартқа бір ит кездесті. Жоқ, қасқыр кездесті.
11 Қасқырды көрген соң қарт құз жартасты паналады. Иә.
12 Қарт маңайдағы тастарды жинап алды. Иә.
13 Көкжал шалды аңдып жатып алды. Иә.
14 Қарт көкжалға келідей тасты домалатып жіберді. Иә.
15 Өзенге түсер аумақта ол қойдың қу басын көрді. Жоқ, адамның қу басын.
16 Таулы өлкеде күн ерте батады. Иә.
17 Төлеутай қарттың баласы. Жоқ, немересі.
18 Шалдың туыстары жол апатынан қаза болды. Жоқ, қалың сүзектен.
19 Қарт егіншілікпен айналысты. Жоқ, аңшылықпен.
20 Қарттың үйдегі ермегі — домбырасы мен немересі. Иә.
21 Немересі мектепке барғанда той жасады. Иә.
22 Қаздар өз мекеніне қайтады. Иә.
23 Қарт Қытай жаққа жол тартып барады. Жоқ, туған еліне бет алды.
24 Қарт немересіне сөмке сатып әперді. Жоқ, ешкінің терісінен тігіп берді.
25 Қарттың алдынан малшы ауылдар кездесті. Жоқ, олар көшіп кеткен.
26 Өзен ағысы қартты ағызып әкетті. Жоқ, ол тастан ұстап қалды.
27 Қарттың ерекше қасиеті — шыдамдылық. Иә.
28 Немересі үйреніскенше оны мектепке өзі апарып жүрді. Иә.

5) «Құтқару сұрағы»

Егер оқушыда үш «минус» болса, қосымша сұрақ қойылып, «2» бағасын «3»-ке көтеруге мүмкіндік беріледі.

6) Жазылым тапсырмасы (эссе)

Тақырып: «Қасиетті туған жер». Эссені немесе шағын шығарма түрінде жазуға болады.

  • Уақыт: 5 минут.
  • Норма: 63 сөз есепке алынады.
  • Тілдік талап: қысқартусыз, түсінікті әрі жинақы жазу.

Тапсырманы нормаға сай орындаған оқушыға ООМ ұяшығына төртінші «+» қойылады.

7) Қорытынды және үй тапсырмасы

Журналға баға қою

ООМ бойынша жиналған белгілер санына сәйкес баға қойылады.

Үй тапсырмасы

  • 3 белгіден аз алған оқушыларға: мәтінді оқу және мазмұндау.
  • Қабдеш Жұмаділов туралы толық мәлімет жинау.
  • Жазушының атамекенге қашан оралғаны туралы дерек қарастыру.

Автор туралы

Астана қаласы, №70 мектеп-лицей мұғалімі — Бағдат Қаражигитова.