Сабаққа кіріктірілген модуль

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Білім беру ұйымы

Сарыкемер орта мектебі

Пән

Әдебиеттік оқу

Сынып

3-сынып

Тақырып

«Аманат»

Бастауыш сынып мұғалімі

Нуранова Альфия Жақсыбаевна

Сабақтың мақсаты

Мәтіннің негізгі ойын ұғындыру, табиғатқа зиян келтірмеу туралы ойларын саралау.

Сабақтың типі мен түрі

Типі:
Жаңа білімді меңгерту
Түрі:
Аралас сабақ

Қажетті жабдықтар

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Плакат
  • Маркер

Міндеттер мен күтілетін нәтиже

Міндеттері

  1. 1 Шығармадағы негізгі ойды оқушыларға ұғындыру.
  2. 2 Өз бетімен жұмыс арқылы ойлауын және сөйлеу тілін дамыту.
  3. 3 Өз ойын қорыта білуге және сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу.

Күтілетін нәтиже

  • Жүргізіп оқуды меңгереді.
  • «Аманат» сөзінің мағынасын аша алады.
  • Мәтіннің идеясын болжай алады.
  • Өмірден мысал келтіре алады.
  • Ашық сұрақтар қоя алады.

Кіріктірілген модульдер мен әдіс-тәсілдер

Кіріктірілген модульдер

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
  • АКТ-ны пайдалану.
  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Әдіс-тәсілдер

  • Сыни ойлау стратегиялары
  • Диалог
  • Топтық жұмыс
  • Жұптық жұмыс

Сабақ барысы

Төменде сабақ кезеңдері уақыт мөлшерімен бірге берілген. Әр кезеңде мұғалім әрекеті мен оқушы әрекеті нақты жоспарланған.

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

Мұғалім әрекеті

  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
  • «Бразилиялық жаңбыр» әдісі арқылы ұйымдастырады.
  • 1-ден 4-ке дейін санау арқылы 4 топқа бөледі.
  • Табыс критерийін таныстырып, тақтаға іледі.

Оқушы әрекеті

  • Қимыл-қозғалыс арқылы белсенді қатысады.
  • Топтарға бөлінеді.
  • Табыс критерийімен танысады.

Үй тапсырмасын тексеру

5 минут

Мұғалім әрекеті

  • «Не айтар едің?» тәсілін қолданады.
  • Үй жұмысын «Әткеншек» әдісі арқылы сұрайды.
  • Жауап берген оқушыны ауызша формативті бағалап отырады.

Оқушы әрекеті

  • «Әткеншек» әдісі бойынша бір-біріне үй тапсырмасына қатысты сұрақтар қояды.

Қызығушылықты ояту

5 минут

Мұғалім әрекеті

  • «Аманат» сөзіне ассоциация құруды ұсынады.

Оқушы әрекеті

  • Топта «аманат» сөзінің баламаларын жазады және топтастырады.

Мағынаны тану

15 минут

Мұғалім әрекеті

  • «Болжау» әдісі арқылы «Аманат» мәтінін меңгертеді.
  • Дәптермен жұмысты ұйымдастырады.
  • Сөздікпен жұмыс жүргізеді.
  • «Интервью» әдісі арқылы сұрақ-жауапты бағыттайды.

Сөздік

Баржа
Кемеге тіркеп, жүк тасуға арналған сүйретпе кеме.
Қанасына сыймай
Асып-төгілетіндей мол (су).
Көзімізбен ұзатып салдық
Алыстап кеткенше қарап тұрдық.
Қазанжаппа
Ыстық қазанға жапсырып пісірілген жұқа нан.

Оқушы әрекеті

  • Мәтіннің немен аяқталатынын болжап жазады және оқып береді.
  • Сөздіктерді дәптеріне жазып алады.
  • Топта ақылдасып, сұрақтарға жауап береді.
  • Топ ішінде бір-біріне сұрақ дайындайды.

Ой толғаныс

5 минут

Мұғалім әрекеті

4-топқа ағаш отырғызуға байланысты жарнама мәтінін жазуды тапсырады.

Оқушы әрекеті

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.

Бағалау

5 минут

Мұғалім әрекеті

Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Оқушы әрекеті

Бүгінгі атқарған жұмыстарын ескере отырып, алдымен өзін, содан кейін бір-бірін бағалайды.

Үй тапсырмасы

2 минут

Тапсырма

  • Дәлмырза қартқа арнап хат жазып келу.
  • Мәтінді оқып келу.

Оқушы әрекеті

Үй жұмысын күнделігіне жазып алады.

Кері байланыс

2 минут

Мұғалім әрекеті

Сұрақтар

  • Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?
  • Өз жұмысыңызға көңіліңіз тола ма?
  • Сабақты қаншалықты түсіндіңіз?

Оқушы әрекеті

Кері байланысты «гүл жинау» тәсілі арқылы көрсетеді.