Ана тілін құрметтеуге баулу

Мақсаты

  • Ана тілінің маңызын ұғындыру.
  • Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
  • Ана тілін құрметтеуге баулу.

Жүргізуші 1

Сахналық сөз

Ассалаумағалейкум, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Туған тілім — тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!

Ә. Тәжібаев

Иә, тіл — қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс.

Жүргізуші 2

Құттықтау

Сіздерді 22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймыз.

Ой түйін

Біздің ана тіліміз шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдалана алмаған адам, меніңше, нағыз пақыр жан.

Тіл туралы заңнан үзінді

Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңында: «Тіл — ұлттың аса ұлы игілігі әрі өзіне тән ажырағысыз белгісі», ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен ұлттың болашағы тілдің дамуына және оның қоғамдық қызметінің күшеюіне тығыз байланысты екені айтылған.

Тірек ой

Қазіргі қазақ тілі — мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш.

Қоғамдық мәні

Ол — халқымыздың мәдени дәрежесін көтеретін пәрменді құрал, жұртшылықты ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір қаруы.

Хормен

Қазақ тілім — ана тілім,

Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені.

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Оқушылардың мәнерлеп оқуы

Оқушы 1

Өлең

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге енген бойыма,

Ана тілім — ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Оқушы 2

Өлең

Қызыл шоқтай қарыған,

Қазаққа тіл дарыған.

Бір сөзге ол семіріп,

Бір сөзге ол арыған.

Сипақтама, мүдірме,

Сөйле, қане, ұшқырлан.

Тілді бізге бермеген,

Тістеп жүру үшін құр.

Оқушы 3

Өлең

Уа, туған тіл! Ата-анамның бел тілі!

Көп нәрсе ұқтым дүниеден туған тілім арқылы.

Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған,

Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдағам.

Уа, туған тіл! Ертелі-кеш қуатыңмын өзіңнің,

Қаршадайдан шаттығымды, қайғымды да сезіндім.

Уа, туған тіл! Туған тілде тілек айттым мың рет,

Ата-анамды, мен пақырды жарылқа деп құдірет.

Оқушы 4

Өлең

Ана тілім — үлес қосқан салтыма,

Өнерді де үйреткен тіл жалпыға.

Ақын, жырау шежірелі жыр жазған,

Ана тілде алтын мұра қалдырған.

Ана тілі — мақтанышы халқымның,

Ана тілім — ар-ұятым, бар шыным.

Ана тілде бар құдірет, бар бақыт,

Мәтін осы жолдан кейін үзілгендіктен, соңғы шумақ толық берілмеді.