Сен есімдігін түрлендіру
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім: Тулегенова Р.С.
Сабақ тақырыбы: Жіктеу есімдігінің түрленуі
Бұл сабақта оқушылардың есімдік туралы білімін нығайту, жіктеу есімдіктерінің түрлену жолдарын меңгерту және сауатты, көркем жазуға дағдыландыру көзделеді.
Мақсаттар мен күтілетін нәтиже
Жалпы мақсат
- Есімдік туралы білімді бекіту.
- Есімдіктерді түрлендіру дағдысын қалыптастыру.
- Сауатты, көркем жазуға үйрету.
Негізгі мақсат
- Білім беруде АКТ құралдарын тиімді қолдану.
- Топтық жұмысқа белсенді қатысуға ынталандыру.
- Диалог арқылы білімді тереңдету.
Күтілетін нәтиже
Тақырыпты меңгеріп, алған білімін күнделікті өмірде қолданады.
Топпен бірлесіп жұмыс істеуді үйренеді.
Пікір алмасу арқылы қорытынды жасауға дағдыланады.
Өз-өзіне әділ баға беруге талпынады.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- Топтық жұмыс
- Кластер әдісі
- Постер қорғау
Қолданылатын құрал-жабдықтар
- АКТ
- Бағалау парақшалары
- Стикерлер
- Түрлі түсті қаламдар
- Плакаттар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықты тексеру.
- Тақтадағы стикерлерді таңдау арқылы топқа бөлу.
I топ
Достық
II топ
Ынтымақ
III топ
Бірлік
IV топ
Татулық
II. Үй тапсырмасын тексеру
- «Ару Астана» тақырыбында жазылған мәтінді оқыту.
- Өтілген тақырыптар бойынша сұрақ-жауап жүргізу.
«Сұрақтар түймедағы» (үлгі сұрақтар)
- Есімдік деген не?
- Есімдіктің құрамы қандай?
- Есімдіктің мағыналық түрлерін ата.
- Есімдіктер қалай түрленеді?
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Сізге сәлем айтамыз осы бастан,
Көңіліңіз кең дейді асып-тасқан.
Мен естіп сіз туралы сөз толғадым,
Халық айтса, қалт айтпас: ақыл жастан.
Өзім жайлы айтайын өріп өлең,
Жыр маржан жастайымнан теріп келем.
Әркімнен сұрап алған өлеңім жоқ,
Қай кезде де өзіме сеніп келем.
Талқылау: өлеңде қандай есімдіктер бар? Олар қалай қолданылған?
Мағынаны тану
Жаңа сабақтың мақсаты түсіндіріледі. Әр топқа жіктеу есімдіктерін түрлендіру бойынша тапсырма беріледі.
I топ
«Мен» есімдігін түрлендіру
II топ
«Сен» есімдігін түрлендіру
III топ
«Сіз» есімдігін түрлендіру
IV топ
«Ол» есімдігін түрлендіру
Қолдану: оқулықпен жұмыс
89-жаттығу
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы есім сөздерді бір бөлек, ал септеулі жіктеу есімдіктерін бір бөлек теріп жазу.
Сергіту сәті: «Поэзия минуты»
Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
90-жаттығу
Өлең шумақтары топтарға бөлініп беріледі. Әр топ шумақтағы есімдіктерге талдау жасап, мазмұнын түсіндіреді.
91-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, есімді және етістікті сөз тіркестерін жасау. Сол тіркестерді қатыстыра отырып мәтін құрау.
Жинақтау
Постер қорғау: «Мен — ұлы даланың ұланымын»
Постерде жіктеу есімдіктерін орынды қолданып, негізгі ойды жүйелі жеткізу.
Қорытынды: сұрақ-жауап
- Жіктеу есімдігінің септелу ерекшелігі қандай?
- Жіктеу есімдігінің жіктелу ерекшелігін ата.
Рефлексия
Оқушылар сұрақтарға жауаптарын стикерге жазып, «ағашқа» жапсырады.
Сабақ не туралы болды?
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Бұл сабақ саған қаншалықты қиын болды?
Бүгінгі сабақта қандай көңіл күйде болдың?
Бағалау
«Бағдаршам» әдісі және бағалау парақшалары арқылы жүзеге асырылады.
Жасыл
Толық түсіндім
Сары
Жартылай түсіндім
Қызыл
Қиындық бар
Үй тапсырмасы
- 87-жаттығу
- 89-жаттығу
Ескерту
Қажет болса, материалдың толық нұсқасын жүктеп алыңыз.