Ыдыстағы бөлме өсімдігінің суретін салуға үйрету

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі

Сурет

Тақырыбы

Бөлме өсімдіктері

Мақсаты

  • Сурет салу арқылы баланың бейнелі ойлауын және кеңістікті бағдарлауын дамыту.
  • Ыдыстағы бөлме өсімдігінің суретін салуға үйрету.
  • Қағазбен және қарындашпен дұрыс жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Өсімдіктерге қамқорлық жасау сезімін тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

Ыдыстағы бөлме өсімдігі Гүлдердің суреті Ақ парақ Бояу Қылқалам Сүрткіш

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды «Күлімдек күн» атты шаттық шеңберіне тұрғызады.

Шаттық шеңбер

Күлімде, күн, күлімде,

Бүлдіршіндер қуансын.

Қырдың қызыл гүліндей,

Қолдарына ту алсын.

Ұйымдастыру-ізденушілік

Балалар, біз табиғаттың тірі және өлі болып екіге бөлінетінін білеміз. Тірі табиғатқа не жататынын кім айтып береді?

Негізгі ой

Өсімдіктер дала өсімдіктері және бөлме өсімдіктері болып екіге бөлінеді. Бүгінгі сабақ бөлме өсімдіктеріне арналады.

Тәрбиеші бөлме гүлдерін көрсетіп, түсіндіреді: барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан оларды көбіне терезе алдына қоямыз.

Бөлме гүлдерінің де басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлі болады.

Күтім ережелері

  • Тамыры топырақтың астында орналасады, ол көрінбейді және өсімдіктің су ішуіне көмектеседі.
  • Сондықтан өсімдікке уақытылы су құю қажет.
  • Тамырдың дем алуы үшін топырақты қопсытып тұрамыз.

Гүл саусақ ойыны

Міне, гүлдің бүршіктері —

Ашылады әдемі.

Сергіту сәті

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып шайқалған.

Қорытынды ой

Өсімдіктер — тірі табиғатқа жатады. Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптау арқылы біз жауапкершілік пен қамқорлықты үйренеміз.