Күн қайда ауылдағыдай, Түн қайда тауымдағыдай

Мұқағали Мақатаев

Шолпанға
Шолпапым - жырым, ақ балам,
Балапаным, баща оран!
Автор
Мәскеуде,
Күз, қарда мынау,
Өзіңдей қыздар да жүр - ау.
Сен жоқсың орталарында
Шолпаным, қызғалдағым - ау!
Сағындым, қызғалдағым - ау!
Думанды қабақтарда,
Көзден жас боратқанда,
Сен келіп оятасың,
Мен қалғып баратқанда.
Бұлыңғыр таң атқанда,
Беймаза сағаттарда
Сен тұрған сұрау белгі,
Мен берген жауаптарға.
Шолпаным, шоқ гүлім менің,
Өзіңсіз жоқ күнім менің.
Жанымды тұтандыратын
Сен менің оттығым ба едің?
Шоқ гүлім менің!
Ақылдан жаңылғаным - ай
Амалсыз таңылғаным - ай!
Күн қайда ауылдағыдай,
Түн қайда тауымдағыдай?
Шолпаным, сағынғаным - ай!
Алатау, сағынғаным - ай!
Алматы, сағынғаным - ай!
Аяулы қауымдарым - ай!
Бауырларым - ай!
Сағынғаным - ай!
Сағынғаным - ай!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Қазақ тілі сабағында оқушыларға жазба жұмыстарының түрлерін үйрету жолындағы мәселелерге тоқталу, ашып көрсету
Аңызға құрылған хикаяттардың оқиғалар желісі
Өлеңдер жинағы
Төлеу сөз
СҮЛЕЙМЕН ҚАРАҚШЫ
Джордж Бернард Шоу
Мейірімділік
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Қазақ әдебиеттану ілімінде тәуелсіздік жылдарында жарық көрген әйел ақындар поэзиясының өзіне тән ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
Махамбеттің есімі - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы
Құнды қағаздар нарығы
ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ)
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
Нашақорлықтың, маскүнемдіктің, алкоголизмнің алдын алудағы Ішкі Істер Органдарының қызметі
Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі
Құнанбаев Абай
Кәсіби құндылықтар түсінігінің мазмұны
8 қыркүйек бейбітшілік күні
Жеңіс күні туралы