Мао Цзедун Жаңа демократия
Дүниежүзі тарихы: 1945–2009 жж. Азия елдері (Қытай, Жапония)
Азия (ассириялықтар тілінде мағынасы — «асу», «шығыс») — Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды.
Азияның саяси-географиялық бөлінісі
-
Оңтүстік АзияПәкістан, Үндістан
-
Солтүстік АзияРесей
-
Шығыс АзияҚытай, Жапония
-
Батыс АзияИран, Ауғанстан, Түркия және т.б.
-
Орталық АзияҚазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан
Қытай: Қытай Халық Республикасының құрылуы және негізгі кезеңдер
Түйінді даталар мен реформалар
- 1949 ж. 1 қазан — Қытай Халық Республикасы (ҚХР) құрылды.
- 1949–1952 жж. — өтпелі кезең.
- Мао Цзедун — ҚХР төрағасы; идеологиялық бағдар ретінде «Жаңа демократия» тұжырымын ұсынды.
- 1954 ж. — ҚХР Конституциясы қабылданды.
- 1958–1960 жж. — «Үлкен секіріс» саясаты.
- 1966–1976 жж. — Мәдени революция.
- 1982 ж. — жаңа Конституция қабылданды.
Ұлы пролетарлық мәдени революция (1966–1976)
Ұлы пролетарлық мәдени революция (Wuchan Jieji Wenhua Da Geming) — Қытай тарихындағы он жылдық кезеңді қамтыған ірі саяси-әлеуметтік оқиға. Бұл кезең жұмысшылар мен студенттердің тәртіпсіз әрекеттерімен, сондай-ақ елдің партиялық басшылығындағы хаоспен сипатталды.
Революцияның басталуына ықпал еткен негізгі себептердің бірі — саяси оппозициялық көзқарастармен күрес жүргізу және мемлекеттік идеология ретінде ҚКП басшылығы аясында маоизмді орнықтыру талпынысы болды. Бұл бағыттың басты бастамашысы — ҚКП төрағасы Мао Цзедун.
Жапония: соғыстан кейінгі құрылым және экономикалық серпіліс
Ел туралы қысқаша мәлімет
- Атауы
- Ниппон / Нихон («Күншығыс елі»)
- Жер аумағы
- 372,2 мың км²
- Құрамы
- 6852 арал
- Ақша бірлігі
- Иен
- Ресми тілі
- Жапон тілі
- Астанасы
- Токио
- Халқы
- 126,2 млн
Негізгі саяси және тарихи белестер
-
1946 жылПарламент жаңа Конституция қабылдады. Жапония конституциялық монархияға айналды.
-
Екі палаталы парламентКеңесшілер палатасы және Өкілдер палатасы.
-
1951 жыл — Сан-ФранцискоКонференция және шарт аясында Жапония Кореяның тәуелсіздігін мойындады.
-
1950-жылдарЕл «экономикалық ғажайып» атағына ие болды.
Бұл кезеңде Жапония институционалдық жаңғыруды аяқтап, экономикалық өсімге бағытталған модель қалыптастырды. Соғыстан кейінгі жылдардағы саяси тұрақтану мен халықаралық келісімдер елдің жаңа даму бағытын айқындады.
Оқытушы туралы
Дүниежүзі тарихы пәнінің мұғалімі: Алтаева Фатима Жалаладинқызы.