Қоржындағы сарқыт

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекіліктер

Тірек сызба, интерактивті тақта

Сабақтың мақсаты

  1. Түсіндіру: тұрақты тіркестердің жасалу жолын және мағыналарын ашып көрсету.
  2. Дамыту: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі қолдануға дағдыландыру.
  3. Тәрбиелеу: пәнге қызығушылықты ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге баулу.

Сабақтың айдары: «Іздеген жетер мұратқа»

Сабақ бөлімдері мақсатты түрде кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

1. Қайталау – оқу анасы

2. Жаңа сабақ құпиясы

3. Кітап – досың, ақылшың

4. Ой толғау

5. Тапқыр болсаң, тауып көр

6. Сен – маған, мен – саған

7. Келісіп пішкен тон, келте болмас

8. Сауатты болу – мақсатым

9. Қоржындағы сарқыт

10. Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ құрылымы бөлімдер бойынша таныстырылады, жұмыс тәртібі мен күтілетін нәтижелер нақты айқындалады.

II. Үй тапсырмасын пысықтау

1-бөлім: «Қайталау – оқу анасы»

Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы білім тексеріледі.

III. Жаңа сабақ

2-бөлім: «Жаңа сабақ құпиясы»

  • Сөзжұмбақ шешу.
  • Тірек сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

3-бөлім: «Кітап – досың, ақылшың»

Кітапта берілген сөз тіркестерін екі топқа бөліп көшіріп жазыңыз: тұрақты тіркестер және еркін тіркестер.

«Ішіне»

Тұрақты тіркестер

«Сыртына»

Еркін тіркестер

IV. Сабақты меңгерту

4-бөлім: «Ой толғау»

Тұрақты тіркестерді қатыстыра отырып шағын эссе жазыңыз. Тақырып/тірек сөздер:

Р

оқушы

А

досы

Ф

хат

Т

кешірім сұрау

5-бөлім: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Төмендегі тұрақты тіркестерде қандай қате жіберілгенін анықтаңыз.

  • Жерден алты қоян тапқандай
  • Ешкі аузынан шөп алмас
  • Екі аяғын екі етікке тығу
  • Жаңа жараның аузын ашу
  • Жегені жүрегінен шықты

6-бөлім: «Сен – маған, мен – саған»

Екі оқушы кезектесіп синоним және антоним болатын тұрақты тіркестерді айтады.

Синонимдер

  • Жұп 1 Ит арқасы қиянда — Ит өлген жерде
  • Жұп 2 Ай десе аузы, күн десе көзі бар — Үріп ауызға салғандай

Антонимдер

  • Жұп 1 Су жүрек — Жүрек жұтқан
  • Жұп 2 Төбесі көкке жету — Су сепкендей басылу
  • Жұп 3 Ит өлген жерде — Мұрнының ұшында

7-бөлім: «Келісіп пішкен тон, келте болмас»

Топтық жұмыс:

I топ

Ребус

II топ

Адасқан әріптер

V. Сабақты қорыту

8-бөлім: «Сауатты болу – мақсатым»

Мұғалім тұрақты тіркестерді оқиды, оқушылар дәптерге олардың мағынасын жазады.

Тіркестер

  • Біреудің ала жібін аттамау
  • Қой аузынан шөп алмас
  • Көзді ашып-жұмғанша
  • Аузына құм құйылды
  • Зәресі кетті

Тіркестер

  • Ит өлген жер
  • Он саусағынан өнер тамған
  • Сөзіне құлақ аспау
  • Санын соғып қалу

VI. Үйге тапсырма

9-бөлім: «Қоржындағы сарқыт»

Фразеологизмдер сөздігінен 10 тұрақты сөз тіркесін жазып келу.

VII. Бағалау

10-бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда»

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындау сапасы және топтық жұмыс нәтижесі бойынша бағалау жүргізіледі.