Гидростатикалық қысым

Кіріспе

Сәлеметсіздер ме, оқушылар және әріптес ұстаздар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Гидравлика». Сабақ барысында гидравликаның негізгі ұғымдарына тоқталып, гидростатикалық қысымның мәнін талдаймыз.

(Презентациямен жұмыс)

Гидравлика: анықтама және қолданылуы

Гидравлика — сұйықтың тепе-теңдік күйін және оның механикалық қозғалысының заңдарын зерттейтін ғылым. Сонымен қатар, бұл заңдарды инженерлік тәжірибеде есептеулерге қолдану тәсілдерін қарастырады.

Қызықтыру кезеңі: «Орын тап» ойыны

Енді кім жылдам екенін көрейік. «Орын тап» ойынының шарты бойынша көп нүктенің орнына қажетті сөзді тез және дұрыс қою керек. Белсенді қатысушылардың жұмысы бағаланады.

Өткен тақырып бойынша тексеру: тест

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Кіріспе» тақырыбына байланысты қысқаша тест орындаймыз. Нәтижелері бойынша да бағалау жүргізіледі.

Тест тапсырмалары

Әр сұраққа дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. Гидравлика нені зерттейді?
    A) сұйықты Ә) температураны Б) жылуды
  2. Табиғатта сұйықтың неше агрегаттық күйі бар?
    A) 5 Ә) 3 Б) 4
  3. Гидравлика неше бөлімнен тұрады?
    A) 3 Ә) 1 Б) 2
  4. Сұйық қандай дене?
    A) биологиялық Ә) географиялық Б) физикалық
  5. Газ қандай дене?
    A) қысылмайтын Ә) қысылатын Б) екеуі де
  6. Сұйықтың негізгі қасиеті қандай?
    A) сығылғыш Ә) аққыш Б) қатты
  7. Гидростатикалық қысымның неше қасиеті бар?
    A) 2 Ә) 4 Б) 3
  8. Тыныштықта тұрған сұйыққа неше күш әсер етеді?
    A) 5 Ә) 1 Б) 100

Жаңа сабақ: гидравликаның бөлімдері

Енді жаңа сабақтың бірінші сұрағын қарастырайық. Гидравликаның негізгі бөлімдері:

Гидростатика

Тыныштықтағы сұйықтың және оған батырылған қатты денелердің тепе-теңдік күйі заңдылықтарын қарастырады.

Гидродинамика

Сұйықтың қозғалу заңдарын, сондай-ақ сұйық пен қатты денелердің салыстырмалы қозғалысы кезіндегі өзара әсерін зерттейді.

Кинематика

Дененің механикалық қозғалысының уақытқа байланысты өзгерісін қарастырады, бірақ қозғалыстың себептері мен өзгеру тәсілдерін анықтамайды.

Екінші сұрақ: гидростатикалық қысым

Гидростатикалық қысым — сұйықтың қасиеттеріне байланысты тыныштықтағы сұйыққа әсер ететін күштің нәтижесі. Тыныштықта тұрған сұйықта негізгі әсер етуші күш ретінде сығылу кернеуі қарастырылады.

Пысықтау сұрақтары

  1. Гидравликаның негізгі зерттеу объектісін атаңыз.
  2. Неше агрегаттық күй ажыратылады?
  3. «Қысылғыш» дегеніміз не?

Қорытынды

Назарларыңызға рахмет!