Гүл көбею мүшесі
Өсімдіктер дүниесін қорытындылау
Бұл материал — «Өсімдіктер дүниесі» бөлімі бойынша білімді жүйелеуге арналған ойын-сабақтың жоспар-конспектісі. Мақсат — негізгі ұғымдарды жинақтап, оқушылардың қызығушылығын арттыру және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Білімділік
«Өсімдіктер дүниесі» бойынша алған білімді жүйелеу, жинақтап қорыту, пәнге қызығушылықты арттыру.
Дамытушылық
Логикалық ойлауын, сөйлеу қабілетін және шапшаңдығын дамыту.
Тәрбиелік
Достыққа, ұйымшылдыққа, топпен тиімді жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Әдісі: ойын-сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Негізгі ұстаным
«Өсімдік — өмір сәні, өмір нәрі.»
Ұйымдастыру кезеңі: жұмбақ
Үйі де жоқ, Күйі де жоқ, Бірақ жауыннан да, дауылдан да Қымсынбайды. Ыстыққа да шыдайды. Шешуін айта ғой, Балалар білсін жайды.
Жауабы
Өсімдік
Сабақтың барысы
- 1Зымыран сұрақтар
- 2Ғажайып төрттік
- 3Қате сызбанұсқа
- 4Биологиялық пошта
- 5Ол кім? Бұл не?
- 6Сәйкестігін тап
1) Зымыран сұрақтар
Әр топқа 10 сұрақтан. Мақсат — терминдерді тез әрі нақты атау.
1-топ
- Ұлпалары мен мүшелері жақсы жетілген өсімдіктер қай сатыға жатады?
- Тұқымы бар, бірақ жемісі жоқ өсімдіктер қалай аталады?
- Ашықтұқымдылардың тұқымдары дамитын орын қайсы?
- Сексеуіл қай тұқымдасқа жатады?
- Жабықтұқымды өсімдіктердің тұқымы жетілетін орын қалай аталады?
- Раушангүл тұқымдасының жабайы өсетін бір түрін ата.
- Картоп қай тұқымдасқа жатады?
- Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді, бірнеше рет тілімделген споралы өсімдік.
- Қарағай — неше үйлі өсімдік?
- Қызылша тамырының атауы қандай?
2-топ
- Мүктерді зерттейтін ғылым қалай аталады?
- Шымтезек мүгінің екінші атауы.
- Сабағы көп буын және буынаралықтан тұратын споралы өсімдік.
- Бұта болып өсетін ашықтұқымды өсімдік.
- Көкнәр жемісі қалай аталады?
- Тұқымында екі тұқымжарнағы болса, қалай аталады?
- Бұршақ тұқымдасындағы біріккен күлте қалай аталады?
- Жеміс дамитын мүше.
- Жапырақтары жылда түсетін ашықтұқымды өсімдік.
- Қырықбуынның масақтары бар өркені қалай аталады?
3-топ
- Жақын түрлер қандай топқа біріктіріледі?
- Мақта қай тұқымдасқа жатады?
- Мүктерде тамыр қызметін атқаратын мүше.
- Плаунның споралары жетілетін бөлігі.
- Бұршақ тұқымдасындағы аталықтар саны.
- Арпа қай тұқымдасқа жатады?
- Балдырлар суға бөліп шығаратын газ.
- Қызғалдақ қай тұқымдасқа жатады?
- Қияр қай тұқымдасқа жатады?
- Балдыр жасушасындағы хлоропластар.
2) Ғажайып төрттік
Әр топқа 4 дерек беріледі. Тапсырма — сипаттамаға қарай өсімдікті (не организмді) анықтау.
1-топ
- Ең өнімді балдырлардың бірі: фотосинтезде күн энергиясының 7–12%-ын пайдалана алады.
- Тағамға шамадан тыс қолданылса, адамдардың тырнағы көгеріп, қанталап, мазасыздану белгілері байқалған.
- Біржасушалы балдыр.
- Алғаш ғарышқа ұшқан өсімдік ретінде жиі аталады: хлорелла.
2-топ
- Швейцариялық ботаник Бохен 1596 жылы «Solanum tuberosum» деген ғылыми атау берген.
- Алқа тұқымдасындағы мәдени, техникалық дақыл.
- Еуропаның көптеген елдерінде егін шықпай, аштық болған жылдары кең пайдаланылған.
- «Екінші нан» деген атауы бар: картоп.
3-топ
- Жапырағы болмайды, оның қызметін түрі өзгерген жас өркендер атқарады.
- Осы өсімдіктен түзілген тоғай көлеңке бермейді.
- Жақсы отын, кей жерде таскөмірмен тең бағаланған.
- «Дала патшасы» деп аталады: сексеуіл.
3) Қате сызбанұсқа
Жүйелеу сызбанұсқасы: Дүние → Бөлім → Класс → Тұқымдас → Туыс → Түр. Әр топ берілген тізбектегі сәйкестікті тексереді.
1-топ
- Дүние: Өсімдіктер
- Бөлім: Жабықтұқымды
- Класс: Қосжарнақты
- Тұқымдас: Алабота
- Туыс: Қызылша
- Түр: Кәдімгі қызылша
2-топ
- Дүние: Өсімдіктер
- Бөлім: Жабықтұқымды
- Класс: Қосжарнақты
- Тұқымдас: Алқа
- Туыс: Меңдуана
- Түр: Қара меңдуана
3-топ
- Дүние: Өсімдіктер
- Бөлім: Жабықтұқымды
- Класс: Даражарнақты
- Тұқымдас: Астық
- Туыс: Бидайық
- Түр: Жатаған бидайық
4) Биологиялық пошта
Әр «хатта» бір өсімдіктер тобының қысқаша сипаттамасы берілген. Оқушылар негізгі белгілерін бөліп көрсетеді.
Қырықжапырақтәріздестер
- Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер.
- Тропикте ағаш, лиана түрінде де өседі.
- Қазақстанда кей түрлері тек ботаникалық бақтарда ғана өседі.
- Жапырақтары екі түрлі қызмет атқарады.
- Тамырсабағы — қысқарған сабақ.
- Мыңжылқы қырықжапырағы және шолпаншаш сүмбілі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Ашықтұқымды өсімдіктер
- Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктер.
- Шөптекті түрі болмайды; көпшілігі мәңгі жасыл.
- Қылқан жапырақты: ине тәрізді жіңішке, үшкір жапырағы бар.
- Гүлі жоқ, жеміс түзбейді.
- Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүр ішінде орналасады.
- Шырша, қарағай, арша және т.б. жатады.
Жабықтұқымды өсімдіктер
- Гүл — көбею мүшесі.
- Тұқымы жемістің ішінде болады.
- Гүлді өсімдіктерге тән белгі — қосарлы ұрықтану.
- Ағаш, бұта, шөптекті түрлері бар.
- Даражарнақты және қосжарнақты болып бөлінеді.
- Мысалдар: жусан, қызылша, арпа, бидай, раушангүлді өсімдіктер.
5) Ол кім? Бұл не?
Тапсырма: қысқаша сипаттамаға қарап, ғалымды немесе өсімдікті атау.
1-топ
Ол кім?
Қазақтың тұңғыш биолог-докторы, ғалым-селекционер.
Жауабы: К. Мыңбаев
Бұл не?
Таңертең де, түсте де күнге бетін бұрады. Тостағанын кішкене тосады да тұрады.
Жауабы: күнбағыс
2-топ
Ол кім?
Әр гектардан 174 центнер өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасаған.
Жауабы: Ы. Жақаев
Бұл не?
Тау-тау үйілген ақ алтын. Табады оның кім атын?
Жауабы: мақта
3-топ
Ол кім?
Мәдени өсімдіктердің алуан түрлілігін және олардың шығу орталықтарын зерттеген.
Жауабы: Н. И. Вавилов
Бұл не?
Қатпаршақты сақтадым, қатпарлап ішін ақтардым — қарыннан май таппадым.
Жауабы: орамжапырақ
6) Сәйкестігін тап
Өсімдік атауын тиісті тұқымдасымен сәйкестендір.
1-топ
- ОрамжапырақШаршыгүлділер
- ЖоңышқаБұршақ
- АлмаРаушангүлділер
- КартопАлқа
- АрпаАстық
- ҚызғалдақЛалагүлділер
2-топ
- БаклажанАлқа
- ҚарбызАсқабақ
- АсбұршақБұршақ
- БақбақКүрделігүлділер
- ПиязЛалагүлділер
- ЖүгеріАстық
3-топ
- СексеуілАлабота
- Қытай раушаныҚұлқайыргүлділер
- ШиеРаушангүлділер
- КүрішАстық
- ҚызынақАлқа
- ЧайотАсқабақ
Қорытынды бөлім
- 1Нәтижелерді топтастыру.
- 2Жеңімпаз топты анықтау.
- 3Оқушыларды бағалау.
- 4Үй тапсырмасын беру.