Астана қаласына барған оқушыларға сөз беру

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектеп

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі — Ильясова Назгүл Исмаиловна

Сабақтың тақырыбы

«Алматы — бас қалам. Жас қала — Астанам»

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларды Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы — бас қалам, Жас қала — Астанам» өлеңін мәнерлеп әрі түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті ойын ашуға жағдай жасау.
  2. Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеу дағдысын және ойлау қабілетін дамыту.
  3. Патриоттық тәрбие беру.

Ұйымдастыру

Түрі

Поэзия сабағы

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Іздену
  • Топтау
  • Топтық жұмыс

Ресурстар мен байланыстар

Техникалық құралдар

  • Теледидар
  • Бейнетаспа
  • DVD

Көрнекіліктер

  • Венн диаграммасы
  • Сызба, кесте
  • Сөзжұмбақ
  • Суреттер
  • Кітаптар көрмесі

Пәнаралық байланыс

Дүниетану Бейнелеу өнері Музыка

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық жүргізіледі. Геометриялық фигуралар арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.

Сабақтың кіріспесі

Поэзия сабағы Әбділдә Тәжібаевтың тіл туралы өлеңімен басталады:

Туған тілім — тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

  • «Поэзия» сөзін қалай түсінесіңдер? (Оқушы жауабы)
  • «Поэзия пайғамбары» кім? (Оқушы жауабы)

Осыдан кейін Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» өлеңінен үзінді келтіріледі.

2) Үй тапсырмасын сұрау

Талқылау сұрақтары

  • Үйге қандай тапсырма берілді?
  • Ілияс Жансүгіров туралы не білеміз?

а) Мәнерлеп оқу

І. Жансүгіровтің «Көкшетау» өлеңі мәнерлеп оқытылады.

Тақырыптық мәлімет

  • «Жұмбақтас» аңызы
  • Бурабай көлі, шөгіп жатқан бура бейнесі
  • «Тәңірдің сыйы»
  • Ең биік жері — Көкше шоқысы (947 м)
  • Көкшетау — орманды-көлді тау
  • Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай

Бурабайға демалып келген оқушының бейнетаспасы тамашаланады.

ә) Сызбамен жұмыс («Көркем сөз»)

Сипаттау сөздері талданады: қандай тау? қандай тас?

жомарт малта момақан маржан шипа меруерт

Қосымша

Көкшетауды тағы қай ақын жырлады? — С. Сейфуллин.

С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасынан үзінді оқылады.

б) Венн диаграммасы

  • С. Сейфуллин
  • Көкшетау
  • І. Жансүгіров

3) Үй тапсырмасын пысықтау және қорытындылау

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, негізгі ойлар жинақталады.

4) Мақсат қою және жаңа сабаққа дайындық

а) Сабақтың мақсаты хабарланады

Оқушыларға бүгінгі жұмыстың бағыты мен күтілетін нәтижелер түсіндіріледі.

ә) «Хатқалтадағы әріптер» тапсырмасы

Әріптерден сөз құрау: Алматы, Астана.

  • Алматы және Астана туралы не білеміз? (Әңгімелеу)
  • Марат Омаровтың «Астана» өлеңін DVD арқылы тамашалау
  • Астанаға барған оқушыларға сөз беру
  • Астананың көрікті жерлерін бейнематериал арқылы көру

б) Венн диаграммасы (қалаларды салыстыру)

Ортақ ұғым

Қала

Астана

  • Бәйтерек
  • Қазіргі астана

Алматы

  • Медеу
  • Бұрынғы астана

5) Жаңа сабақты түсіндіру

а) Автор туралы

Жарасқан Әбдірешов — белгілі ақын, балалар ақыны. Оны «кішкентайлардың үлкен ақыны» деп те атайды. Алғашқы жыр жинағын балаларға арнаған. Өлеңдері неміс, өзбек, тәжік тілдеріне аударылған.

  • «Шежірелі шаңырақ» оқулығымен таныстыру
  • «Алфавит сыры», «Санамақ» өлеңдерін еске түсіру

ә) Оқулықпен жұмыс

«Алматы — бас қалам, Жас қала — Астанам» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу. Оқушыларға кезекпен оқыту.

б) «Астана қандай қала?» (кестені толтыру)

Сипаттаушы сөздерді пайдаланып сөйлем құрау:

көрікті бай жас сұлу үлкен

в) Картамен жұмыс

Астана — кең-байтақ Отанымыздың жүрегінде орналасқан. Алматы — бұрынғы астана, мәдениет пен өркениет ордасы.

6) Түсінгендерін тексеру

Сөзжұмбақ арқылы тексеру

Өлең мәтініне сүйеніп сұрақтарға жауап бергенде, қызыл түсті торкөзден «Астана» сөзі шығады.

  • Қарт Алатауды автор кім дейді? (Қара)
  • Ақын Алматыны қандай қала деп атайды? (Бас)
  • Елге несі бар қала жарасады дейді? (Тауы)
  • Алашаны еске түсіретін қай өлке? (Сарыарқа)
  • Астана қандай даланың сәні? (Керілген)
  • Сарыарқада қазақтың несі бар дейді? (Болашағы)

Дәптермен жұмыс

  • Күн ретін жазу
  • Тақырып: «Алматы — бас қалам, Жас қала — Астанам» (Ж. Әбдірешов)

а) Жазылым

Астана қаласы туралы шағын эссе жазу.

ә) Шығармашылық

Өздеріңе ұнаған әсем қаланың суретін салу.

7) Қорытынды

а) Өлең мазмұнын баяндау

Оқушылар өлеңнің негізгі ойын өз сөздерімен әңгімелейді.

ә) Сұрақ-жауап арқылы бекіту

  • Қазақстан Республикасы неше елмен шектеседі? (5)
  • Бәйтерек монументінің биіктігі неше метр? Неліктен 97 м?
  • Өтіп жатқан тарау қалай аталады?
  • Туған жерін, Отанын жырлаған ақындарды атаңдар.
  • М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін жатқа айту.
  • Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін жатқа айту.
  • Алматы, Астана туралы қандай ән білесіңдер?

Мақалды аяқта

  • Өз елім — өлең (төсегім).
  • Әркімнің өз жері — (жұмақ).
  • Ел аралаған — (сыншы).

«Ұйқасын тап» ойыны

Ана тілін білмейтін адам — ештеңені сезбейтін надан.

8) Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  • Өлеңді жаттау.
  • Астана және Алматы туралы мәліметтер жинау.

Сабақты аяқтау

Сабақ Д. Әбіловтің «Астанаға ақ батасымен» түйінделеді.

Оқушылардың жұмысы бағаланып, белсенді қатысқандар атап өтіледі.