Сара қайда

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

С дыбысы мен әрпі

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Көрнекіліктер

Кеспе әріптер, суреттер

Оқыту әдістері

Көрсету, түсіндіру

Сабақтың мақсаты

  1. С дыбысы және әрпімен таныстыру.
  2. Көркем етіп жазуға үйрету.
  3. Буынға бөліп және тұтас оқу дағдысын дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Түгендеу жүргізу, партада дұрыс отыру ережесін еске салу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөп-мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау және білімді тексеру

  1. Сұрақ: «Б» дыбысы қандай дыбыс?
  2. Суретпен жұмыс: сурет бойынша әңгімелеу, сөздерді атау.
  3. Талдау: сөздерге буындық және дыбыстық талдау жасау:
    Бота Ботақан Балапан

III. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады: бүгін оқушылар «С» дыбысы және әрпімен танысып, оқу-жазу дағдыларын жетілдіреді.

IV. Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу

Жаңа дыбысты табуға бағытталған жұмбақ арқылы қызығушылық ояту.

«Сандық» ойыны

Оқушылар көздерін жұмып сандықтан зат алып, атын айтып, сол сөзбен сөйлем құрайды.

Талдау және дыбысты бөліп айту

  • Мысал сөз: «сағат» — буындық және дыбыстық талдау.
  • Сөз ішінен «С» дыбысын бөліп алып, хормен дұрыс дыбыстау.
  • Әріп таңбасымен таныстыру:

    Баспа түрі

    С с

    Жазба түрі

    С с

V. Жаңа білімді тексеру

1) Суретпен жұмыс

Суреттен нелерді көріп тұрғанын айтқызу және «С» дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келуін анықтату.

2) Бағандағы сөздерді хормен оқу

  • Сана
  • Сағат
  • Самал
  • Бас
  • Саба
  • Сабақ
  • Маса
  • Дос

3) Ұқсас буындарды қосып оқу

Сөз құрау

  • Сап — сапта
  • Қап — қапта

Сөз құрау

  • Аш — ашпа
  • Қаш — қашпа

Сөз құрау

  • Сал — салма
  • Қой — қойма

Жаңа білімді бекіту және жазылым

Сұраулы сөйлем

Сұраулы сөйлемнің мағынасы түсіндіріліп, жауап беруге жаттықтырылады.

— Сара қайда?

— Ол сабақта.

— Асан, сағат қайда?

— Сағат қалтамда.

Сергіту сәті

Сара келіп сабақтан,
Сан шаруаны тындырды:
Самауырға салатын
Сексеуілді сындырды.
Сазан балық қуырды,
Сауып сары сиырды.

Дәптермен жұмыс

  1. Үлгі бойынша «С» әрпін жазып үйрену.
  2. Әріп диктанты: Мм, Дд, Бб, Сс.

VI. Сабақты қорытындылау

  • Сұрақ: Бүгін қандай әріппен таныстық?
  • Екі қатар бойынша ұлдар мен қыздардың есімдерін атап шығу.

VII. Үй тапсырмасы

«С» әрпін жазып келу.