Логикалық сұрақтарға жауап алу
Сабақтың мақсаты
- Әңгімені қатесіз, буындап және түсініп оқуға үйрету; мазмұнын жүйелі түрде айтып беруге баулу.
- Шешесінің қызына айтқан ақылын түсіндіру арқылы Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет беру.
- Оқушыларды еңбексүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
- Сөздік қорын молайту, қиялдау мен ойлау қабілеттерін дамыту.
Пәнаралық байланыс
Өмірмен байланыс, еңбекке баулу, бейнелеу өнері.
Жүргізу әдістері
Сұрақ–жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Көрнекі құралдар
Оқулық, тақта, магниттік тақта, кеспе әріптер, сюжетті суреттер, Абай мен Ы. Алтынсариннің суреттері, мақтаның түрлері, тірек-сызба.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Кезекшіні анықтау.
- Оқушылардың түгелдігін тексеру.
- Үй тапсырмасын еске түсіру.
II. Үй жұмысын тексеру
- «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа айту.
- «Сегіз аяқ» шығармасынан үзіндіні оқу.
- Сұрақтарға жауап беру: «Мынау кім? Абай кім? Ол қандай?»
III. Логикалық сұрақтар
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған қысқа тапсырмалар.
- 1 2 + 2 = 0
- 2 Далада қар еріп, гүл өсіп тұр.
- 3 Апайлар үстіне қызыл көйлек киіп алған.
- 4 «Мынау көмір ме?» (мұғалім қолына мақтаны ұстап, көрсетіп сұрайды).
- 5 «Мақтаның түсі жасыл ма?»
- 6 «Мақта не үшін керек?»
IV. Жаңа сабақ
1) Тақырып пен мақсат
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты оқушыларға түсінікті тілмен хабарланады.
2) Оқулықтағы суретпен жұмыс
Сюжетті сурет бойынша болжам жасау: «Суретте не болып жатыр? Кейіпкерлер не істеп жүр?»
3) Автор туралы қысқаша мәлімет: Ы. Алтынсарин
- Қостанай облысы, Қостанай ауданында туған.
- Алғашқы мектеп ашқан ағартушы.
- Көптеген шығармалардың авторы, педагог әрі жазушы.
- Аудармалар жасаған.
4) Сергіту сәті
Түнімен қар борапты,
Көрмей қалдық неге біз?
Бәрін аққа бояпты,
Сайрап жатыр талай із.
5) «Бір уыс мақта» әңгімесін сурет бойынша әңгімелеу
Сюжетті суреттерге сүйене отырып, әңгіменің желісін ретімен айтып беру (А–Ә–Б–В).
6) Сұрақ-жауап
Мәтін мазмұнын түсінгенін анықтау үшін жетекші сұрақтар қойылады.
7) Дәптермен жұмыс
Тапсырма: «Мақтадан не жасауға болады?» Оқушылардың жауаптары тақтаға жазылып, дәптерге көшіріледі.
8) Сергіту сәті
Мойнына моншақ іліп ап,
Мысық жатыр пырылдап.
Маңына маса келіп қап,
Мазасын алды ызыңдап.
V. Қорытындылау және бағалау
Талқылау сұрақтары: «Біз бүгін не білдік?» «Сабақ ұнады ма?»
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар ауызша бағаланып, мадақталады.
VI. Үй тапсырмасы
- «Бір уыс мақта» әңгімесін оқу және мазмұнын айту.
- «Еңбек» тақырыбына бір мақал немесе мәтел жазып келу.