Символдық және жолдық шамалармен жұмыс істеуге арналған функциялар

Мақсаты

  • Символдармен және мәтінмен жұмыс істеу туралы жалпы түсінік беру, программалауда Pascal операторларын тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру.

  • Программаны ықшам әрі сапалы жазу дағдысын дамыту.

  • Программа мәтінін және нәтижелерін экранға шығаруда эстетикалық талап қоя білу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

§9, §10 тақырыптары бойынша (102-бет) №1 және №9 тапсырмалардың орындалуын тексеру.

II. Қайталау — «Оқу — анасы»

Карточкалар арқылы негізгі функцияларды еске түсіру және қолданылу мақсатын талқылау.

Chr(x) Ord(x) Pred(x) Succ(x) Upcase(x) Length(s) Copy(st, N, M) Pos(s1, s2) Delete(a, N, M) Insert(s1, s, n)

III. Жаңа тақырып — «Оқу — инемен құдық қазғандай»

Символдық және жолдық шамалармен жұмыс істеуге арналған стандартты функциялардың екі тобы: String және Char.

Негізгі анықтамалар

Жолдық шама (String)

Мәні мәтін (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) түрінде берілетін шама. Pascal тілінде жолдық тип String қызметші сөзімен белгіленеді.

Символдық шама (Char)

Мән ретінде бір ғана таңбаны қабылдай алатын шама. Pascal тілінде символдық тип Char қызметші сөзімен белгіленеді.

String функциялары (жолдық шамалар)

Мәтінмен жұмыс істегенде ең жиі қолданылатын функциялар шартты түрде String тобына біріктіріледі.

Length(s)

s жолының ұзындығын (таңбалар санын) анықтайды.

Copy(st, N, M)

st жолындағы N-орыннан бастап қатар тұрған M таңбаны көшіріп алады.

Pos(s1, s2)

s1 ішкі жолының s2 жолының ішінде бар-жоғын анықтайды (табылса, орналасу орнын қайтарады).

Delete(a, N, M)

a жолынан N-орыннан бастап M таңбаны жояды.

Insert(s1, s, n)

s1 жолын s жолының n-орнына кірістіреді (жалғайды).

Char функциялары (символдық шамалар)

Символдармен жұмыс істеуге арналған стандартты функциялар Char тобы ретінде қарастырылады.

Chr(x)

x санын символға түрлендіреді.

Мысал

Chr(90) = 'Z'

Ord(x)

x символының кодын қайтарады.

Мысал

Ord('Z') = 90

Pred(x)

x символынан алдыңғы кодқа сәйкес символды қайтарады.

Мысал

Pred('M') = 'L'

Succ(x)

x символынан кейінгі кодқа сәйкес символды қайтарады.

Мысал

Succ('M') = 'N'

Upcase(x)

Латын әліпбиіндегі кіші әріптерді бас әріпке айналдырады.

Мысал

Upcase('a') = 'A'

Қысқа сұрақ-жауап (бекіту)

1) Жолдық шама дегеніміз не?

Мәні мәтін болып табылатын шама.

2) Жолдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?

String — айнымалы мәні сөз/сөйлем екенін білдіретін тип.

3) Символдық шама дегеніміз не?

Мән ретінде бір ғана таңбаны қабылдай алатын шама.

4) Символдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?

Char — айнымалы мәні жеке символ екенін білдіретін тип.