Балалар аққала
Сабақтың тақырыбы
Нәтиже сабақ: «Мен не үйрендім?»
Сабақтың мақсаты
- Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
- Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
- Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту.
Күтілетін нәтиже
- Сөзді сөйлемнен ажырата алады.
- Жаңа сөздермен сөйлем құрастыра алады.
- Есте сақтау қабілеті артады.
- Дұрыс сұрақ қою дағдысы қалыптасады.
Оқытуда қолданылатын модульдер
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
Сабақтың сипаттамасы
- Түрі: жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту.
- Әдісі: СТО.
- Стратегиялар: «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Ойлан — жұптас — бөліс», топтық жұмыста рөлдік бақылау, «Пирамида», «Үш қадамды сұхбат».
- Көрнекіліктер: оқулық, моноблок, маркер және т.б.
Сабақ кезеңдері
Төменде сабақ құрылымы мұғалім мен оқушы әрекеттері арқылы жүйеленіп берілді.
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері» арқылы танысу және мадақтау сөздер айту.
Мұғалімнің әрекеті
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің жылуын алайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға сыйлайық.
— Сәлеметсіздер ме?
Оқушының әрекеті
- Топтарға бөлінеді.
- Топ мүшелері міндеттерін бөліседі.
- Топ басшысын сайлайды.
2) Білу: «Миға шабуыл»
Сауат ашу барысында меңгерген ұғымдарды еске түсіру және бекіту.
Сұрақтар
- Сауат ашу іс-әрекетінде не үйрендік, не білдік?
- Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс дегеніміз не? Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
- Сөз дегеніміз не? Сөзден не құралады?
- Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем нешеге бөлінеді?
- Сұраулы, хабарлы, лепті сөйлем дегеніміз не?
- Әріп пен дыбыстан не құралады?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Оқушының әрекеті
Оқушылар сұрақтарға жауап беруге тырысады, өз ойларын айтады.
3) Түсіну: «Ой қозғау»
Жұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа шығу және қыс мезгілі туралы ой қалыптастыру.
Жұмбақ
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: қыс.
Оқулықпен жұмыс және жетелеуші сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Бір жылда неше ай, неше күн бар?
- Бір айда неше күн бар?
- Құстар қай мезгілде жылы жаққа ұшады?
- Қар қашан жауады, қашан ериді?
- Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
- Қыс айлары туралы не білеміз?
- Қыста аулада қандай құстарды кездестіреміз?
- Сонымен, бүгінгі сабақта не туралы айтамыз?
Жаңа сөздер (3 тілде)
Сөздер суреттер арқылы таныстырылады, дұрыс айтылымға мән беріледі.
Топтық жұмыс: «Ойлан — жұптас — бөліс»
Әр топ тапсырманы талқылап, ортақ шешімге келеді.
I топ
«Қыс» сөзіне кластер құру.
II топ
«Қар» сөзіне әртүрлі буын қосып, екі буынды сөздер табу және жазу.
III топ
«Қарлығаш» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, жаңа сөздер құрастыру.
IV топ
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастырып, тиісті тыныс белгілерін қою:
- Балалар қалай киініп жүр?
- Алақай, қар жауды!
- Қалың қар жауды.
Сергіту сәті
Оқушылар қимылды би жаттығуларын орындайды.
4) Қолдану
Білімді өмірмен байланыстыра отырып, тапсырмалар арқылы қолдану.
I топ
Т-кестесі: «Қыс жақсы ма, жаман ба?»
II топ
«Сырғанақты қалай жасайды?» — әңгімелеу.
III топ
Сөйлемді аяқта:
- Қырау басқан ... (әйнек, ағаштар).
- Балалар аққала ... (жасады, жасап ойнады).
- Қар жапалақтап ... (жауып тұр, жауады).
IV топ
Берілген жауаптарға сәйкес сұрақ құрастыр және қыс мезгіліне байланысты диалог құру.
5) Талдау: «Пирамида» әдісі
Негізгі ұғымдарды қысқа әрі нақты сөздермен жинақтап, қорытындылау.
I топ
Қыс
II топ
Қар
III топ
Аққала
IV топ
Сырғанақ
Оқушылар топпен орындайды, ойлап табады, ойын түйіндейді.
6) Жинақтау: «Үш қадамды сұхбат»
Қатысушылар сұрақ қояды, жауап береді, тыңдайды және ойды толықтырады.
Үлгі диалог
— Сізге қыс жыл мезгілі ұнай ма?
— Иә, ұнайды.
— Несімен ұнайды?
— Қысқы табиғат ұнайды.
— Қыста орманда серуендеу қандай?
— Өте тамаша!
Мұғалімнің қорытындысы: «Қар дегеніміз не?»
- Қар — көптеген әдемі қар түйіршіктерінен тұратын табиғи құбылыс. Ол бұлттан жауып, жерге, ағаштарға, шатырларға қонады. Жаңа жауған қар таза, мамық, жұмсақ әрі жылтырайды.
- Қар — табиғаттың әсем жаратылысы. Қар түйіршіктерінің мыңдаған пішіні болады.
- Дала ақ көрпе жамылғандай көрінеді. Қар өсімдіктерді аяздан қорғайды, жердің жылуын сақтауға көмектесіп, үсуден сақтайды.
Оқушылар топтық талқылауға қатысып, ой бөліседі және бір-бірін тыңдайды.
7) Бағалау және рефлексия
Сабақтан алған әсерді жинақтау және оқу тәжірибесін бағалау.
Тапсырма
Оқушылар сабақтан алған әсері туралы пікірін стикерге жазып, «Ізгілік ағашына» жапсырады.
Рефлексия сұрақтары
- Бүгінгі жасаған жұмыстарың мен алған білімдерің өмірде қажет пе?
- Топпен жұмыс жасау ұнады ма?
Автор туралы
Өңірі: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы.
Мектеп: Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы.
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі.
Аты-жөні: Байдешова Фарида Нышымовна.
Ескертпе: жүктеу сілтемесін өз ресурсыңызға сәйкес жаңартыңыз.